Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Воскресенье, 11.12.2016
Главная » Статьи » Презентация на казахском языке » География

Туризмдегі коммуникациялық саясат слайд,презентация


Оқушылар,студенттер,мұғалімдер,сайт қолданушылары өз материалыңызбен бөліссеңіз қуанышты болатын едік!

Туризмдегі коммуникациялық саясат слайд,презентация

 

 

Маркетинг теориясы мен практикада маркетингтік коммуникациялардың маңызы біртіндеп  саналы түрде рыноктағы ұйымдастырудың нақты мәселелерін шешуде коммуникацияның ролімен бірге өсіп келеді. Тек жақсы дизайнның, тиімді өндіріс пен рационалды бағаның, ойластырылған турпродуктыны тарату сетімен ғана мақсаттық сегментке жету мүмкін емес, тұтынушыға  өнім жөнінде, оны алатын орын және шығарушы жөнінде ақпарат берілуі қажет, оның сапасының жақсы екеніне тұтынушының көзі жетуі керек. Мұндай ролді коммуникациялар атқарады, қазіргі заманда коммуникациясыз өмірді көз алдымызға елестету мүмкін емес.
Маркетингтік  коммуникация  жүйесі  тиімді  құрылған  жағдайда  компания   келесі  сатылардан  өтеді:
Мақсаттық  аудиторияны   анықтау. Туристік  қызметтің  кімге  ұсынылатынын  нақты  түсінген  жөн.
Коммуникативті  мақсаттарын  анықтау. Мақсаттық  сегмент  анықталғаннан   кейін, маркетолог  ол  аудиториядан  нені  қажет  ететінін   шешуі  тиіс. Әдетте  сатып  алушы   бірнеше  кезеңдерден  өтеді: танысу, эмоционалды (тауарға  деген  қатынасын  анықтау), және  іс-қимылдық (іс-әрекет  жасайды  не  жасамайды). Осы  кезеңдердің   әр қайсысында   маркетолог  тұтынушыға  әсер  ете  алады. Бұл  маркетологтың   иақсатына  байланысты.
Хабарламаны  дайындау. Қажетті  жауапты  реакцияны  анықтағаннан   кейін, маркетолог  мақсаттық  аудиторияның   назарын  аударып, еліктіріп, қызықтырып, іс-әрекетке  итермелейтін  әсерлі  хабарламаға   кіріседі. Хабарлама  мазмұны   шақыру, тақырып, идея не  қызықты  саудалық    ұсыныстан  тұруы  мүмкін. Хабарлама  дайындау  кезінде  оны  көргенде   аудиторияда  кері  әсер   қалыптаспас   үшін  тақырып, мәтінін, түсін  мұқият  таңдау  қажет. Сонымен  бірге   хабарламаны    тарату  арнасын  да  таңдау  қажет. Атақты, сәнді  тарату  арнасынан   алынған  ақпарат, танымал  емес  арнадағы  ақпараттан  әлдеқайда   тартымдырақ  көрінеді.
Коммуникативті   арналарды  таңдау. Маркетологтар  арналардың  екі  типін  бөліп  көрсетеді: жеке  және  жеке  емес. Жеке  арнада  екі  не  одан  көп  адамдардың  туртауарды   жылжыту  мен/не  талқылау  мақсатындағы   қарым-қатынасы   түсіндіріледі. Бұл  қарым-қатынас   диалог, презентация  не  телефонмен  хабарласу  арқылы  жүргізілуі  мүмкін. Жеке  арналарға: пропогандалық (сауда  өкілдерінен  тұрады), эксперттік(тәуелсіз  эксперттерден  тұрады), әлеуметтік (көрші, туысқан, қызметтес  адамдардан  тұрады). Жеке  емес  арналар  хабарламаны   өзінің   қатынасуынсыз   таратады, өзіне  медиа, атмосфера  және  ұйымдастыруларды   қамтиды. Медиа – бұл  БАҚ, яғни  теледидар, радио, баспа, электрондық  құралдар  мен  сыртқы  жарнама  құралдары. Атмосфера – компания  жайлы  жағымды  әсер  атмосферасын  қалыптастыратын  заттар (жиһаз, сервис, персонал  киімі). Ұйымдастыру  кештері – байланыс аудиториясына  бағытталған  белгілі  жолдаулар (конференциялар, презентациялар  мен  мәдени  ұйымдастырушылық  кештері). 
Маркетингтік  коммуникациялардың  жалпы  бюджетін  құру. Бюджетті  жоспарлау  әдістері  бірнешеу: қолда  бар  ақша  қаражаттарынан   пайыздық  күйде  сату  соммасына  аударым. Қолда  бар  ақша  қаражаттарынан  бюджет  коммуникациясының   аударымы – аса  тиімді  болмағанымен, өте  танымал  әдіс. Екінші  әдіс  өнімді  сату  көлемінің   белгілі  бір   пайызын  белгілейді  не  тауар  құнының  пайыздық  үлесі. Бәсекелестік  паритет  әдісі «бәсекелестегідей»   бюджетті  жоспарлауды  білдіреді. Бюджетті  жылжыту  аударымының   мақсаттары  мен  міндеттерінен  шыға  келе, оларды   іске  асыру  үшін   қажетті  жылжыту  мақсаттары  мен  міндеттері, шығындарға   баға  беру  ойластырылады. 

 

 

 


Похожие материалы

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: География | Добавил: Admin (12.06.2015)
Просмотров: 516 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]