Главная » Статьи » Презентация на казахском языке » География |
Топырақ слайд,презентация
Жоспары I. Мақсаты: Топырақтың, табиғаттың адамзат алдындағы маңызын ұғындыру II.Негізгі бөлім: 1)Топырақ Құрамы 2)Топырақ құрылысы 3)Топырақ маңызы 4)Топырақ ластануы 5)Топырақты қорғау III.Қорытынды бөлім. Топырақ құрамы Топырақ үш фазадан тұрады: қатты, сұйық немесе топырақ ерітіндісі және газ немесе топырақ ауасы. Олар бір-бірімен тығыз байланыста және әрекетте болады. Топырақ ауасы атмосфера ауасымен салыстырғанда құрамында шамадан тыс көмірқышқыл газының көп және оттегінің аз болуымен ерекшеленеді. Атмосфера ауасында көмірқышқыл газы (СО2) 0,03% болса, ал топырақ ауасында оның мөлшері 0,3-1,0%, кейде 2%-3% немесе одан да көп болады.Шірінділенбеген органикалық заттардың тобына қураған, бірақ әлі ыдырамаған немесе жартылай ыдыраған өсімдіктердің қалдықтары (тамыры, жапырақтары) және жәндіктердің (құрттар, буын аяқтылар және тағы басқалар) қалдықтары кіреді. Мұндай органикалық заттар өсімдік үшін өте маңызды қоректік заттармен салыстырғанда топырақта тез ыдырайды да, өсімдік оңай сіңіретін минералдық формаға айналады. А-қабаты-шірік қабат. Ол топырақтың астыңғы қабатында органикалық заттардың көптігімен, түсінің қоңырлау болуымен ерекшеленеді. Бұл қабатта күл заттары мен қарашірік жиналады. Қара топырақты жерлерде шірік қабаты қара түсті, орманның сұр топырағында ашық сұрдан күңгірт сұр түске дейін, ал қызыл қоңыр топырақтарда қоңыр сұр түсті болады. Қабат өз кезегінде А1,А2, т.б. қабатшаларға бөлінеді.
Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын! | |
Просмотров: 1417 | |
Всего комментариев: 0 | |