Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Четверг, 8.12.2016
Главная » Статьи » Презентация на казахском языке » География

Тамақ өнеркәсібі слайд, презентация


Оқушылар,студенттер,мұғалімдер,сайт қолданушылары өз материалыңызбен бөліссеңіз қуанышты болатын едік!

Тамақ өнеркәсібі слайд, презентация

 

 

         «Семей еткомбинаты» ЖШС жаңа кезеңде
      2009 жылдың 5 қарашасында Семей еткомбинатының іске қосылғанына 75 жыл болды. Қазіргі күні жаңа жабдықтарды енгізумен, технология үдерістерінің автоматтандырылуына және жұмыс орындарын ұйымдастырудың жетілдірілуіне байланысты кәсіпорынның техникалық деңгейі көтерілді. Өндірістік цехтар қайта құрылып, шұжықтарды қамдау, буып-түю үшін әлемдік көшбасшылар шығарған жаңа жабдықтар орнатылды.
         Семей еткомбинаты» ЖШС 200 жуық ет өнімі атауларының алуан түрімен және дәмділік қасиетімен ерекшеленеді. Бұл ет, ішек-қарын, жоғары сапалы шұжық өнімдері, деликатестер, сүрлер, ет консервілері, құрғақ мал азығы.
     2003 жылы «Семей ет комбинаты» деген Жауапкершілігі Шектелген Серіктестік құрылды. «Мұнда ет өнімдерін шығару және өңдеу бойынша жаңа технологиялық жүйе, яғни, құны 215 млн. теңге тұратын «Шаллер» Австрия фирмасының қазіргі заманғы жабдығы орнатылды. Бұл жаңа технологиялармен комбинат әлі де биіктерге жетпек.
        Қазіргі күні «Семей еткомбинаты» ЖШС мал өңдеуде, ет, шұжық және консерві өнімдерін шығарудағы арнайы кәсіпорын болып саналады. Комбинаттың өндіріс алаңында қолайлы көлік және темір жолдары бар. Шикізат дайындайтын жерлерге көліктің тура жетуі шығынды аз жұмсауға мүмкіндік жасап отыр. Бір ауысымда 35 мың ет консерві өнімін, ал шұжық, тартылған ет, тұшпараны 10 тоннаға дейін шығарады. Бір тәулікте 24 тоннаға дейін өнім шығарып, сатуға мүмкіншілік бар.
     «Семей еткомбинаты» ЖШС «Халал» өнімін шығаруға және сатуға сертификат алды. Бұл өндіріс үшін соятын және шұжық өнімдерін өндіретін жаңа цех ашылды. Бұған дейін «Халал» өнімдері Шығыс Қазақстанға басқа аймақтардан әкелінетін.
Кондитер өнімдері     «Рахат»    ------         Алматы
                                   «Баян сұлу»  ------     Қостанай

Шарап жасау заводы  ------  Алматы,Оңтүстік Қазақстан обл.

Темекі комбинаты ------   Алматы  обл.

Балық өңдеу кәсіпорындары ------ Атырау,Балқаш,Арал

Күнбағыс майы  ------ Өскемен

Мақта майы  -------  Шымкент

Қант зауыты  ------- Алматы, Тараз

Маргарин майы  -------- Алматы

 

 

 


Похожие материалы

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: География | Добавил: Admin (27.04.2014)
Просмотров: 5954 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]