Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Понедельник, 5.12.2016
Главная » Статьи » Презентация на казахском языке » География

Тайланд слайд,презентация


Оқушылар,студенттер,мұғалімдер,сайт қолданушылары өз материалыңызбен бөліссеңіз қуанышты болатын едік!

Тайланд слайд,презентация




Тайланд (тай. ประเทศไทย)< — Оңтүстік-Шығыс Азиядағы мемлекет. Тайланд оңтүстігінде Малайзиямен, шығысында Камбоджа және Лаоспен, батысында Мьянмамен шекараласқан.
Жылдың үш мезгілде болуы және тропикалық климат Тайландқа тән. Мамырдан бастап қазанға дейін созылатын жаңбыр маусымы кезінде елдің бүкіл аумағында нөсер жаңбыр әкелетін оңтүстік-шығыс муссондары билейді. Қарашадан ақпанға дейін созылатын қыс мезгілінде жұмсақ ауа-райы тұрады, ауаның күндізгі температурасы жылдық орташа температурадан сәл ғана суық болады. Ал түнде Тайландтың солтүстігіндегі қыраттарда ауа температурасы 0°С дейін төмендесе, Банкокте 16°С болады. Елдің оңтүстігінде ауа температурасы айтарлықтай жоғары болады. Ыстық кезеңі – наурыздан мамырға дейін созылады. Бұл кезде ауа температурасы өте ыстық және өте ылғалды болады да, жауын-шышын түсімі мүлдем болмайды.

Халық саны 65 млн. адам тіркелген. 
Астанасы Бангкок. Бангкок 12 млн.-ға жуық тұрғыны бар қала. Халықтың көп бөлігін тай этникалық тобы құрайды. Халқының саны бойынша екінші орынды басым бөлігі қалаларда тұратын қытайлықтар алады. Елде сондай-ақ, малайлықтар, моныдар, кхемерлар және басқа бірнеше этникалық топ өкілдері тұрады.

Мемлекеттік дін – будда діні. Халықтың 93% будда дініне сенеді. Тайландта сонымен қатар, мұсылмандар, үндістер, христиандар, сикхтар өмір сүреді. Патша конституцияға сәйкес, барлық діннің қамқоршысы болып саналады.
Ақша бірлігі - "Бат". 1 бат =100 сатангамға тең. Айырбас курсы мөлшермен: 1฿ = 31$ болады.Валютаның күнделікті курсы көптеген газеттердің қаржылық бөлімдерінде жарияланады. Валютаны енгізу шектелмеген, бірақ 10000$ - дан асатын жағдайда декларация беру қажет болады. Жергілікті валютаны елден 50000 баттан артық алып шығуға болмайды. Ал басқа елдің валютасын алып шығуға шек қойылмаған.

1 бат = 5 теңгеге тең.

Банкок, Паттайя, Пхукет және Самет аралдары туристтер үшін Оңтүстік-Шығыс Азиядағы ең тартымды курорттар болып табылады. Ең алдымен жылы климаты мен төмен бағалары арқасында.







Похожие материалы

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: География | Добавил: Admin (18.03.2014)
Просмотров: 2037 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]