Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Четверг, 8.12.2016
Главная » Статьи » Презентация на казахском языке » География

Табиғаттағы металдар слайд,презентация


Оқушылар,студенттер,мұғалімдер,сайт қолданушылары өз материалыңызбен бөліссеңіз қуанышты болатын едік!

Табиғаттағы металдар слайд,презентация

 

 

Жер қыртысында металдардың таралуы әр түрлі. Металдар табиғатта, көбінесе қосылыстар түрінде кездеседі. Белсенділігі тым төмен металдар (Cu, Ag, Au, Pt) ғана coм күйінде кездеседі. Кернеу қатарындағы литийден магнийге дейінгі орналасқан ең белсенді металдар табиғаттатұздар: хлоридтер, сульфаттар, карбонаттар, фосфаттар, әсіресе силикаттар түрінде кең таралған. 
Орташа белсенділігі бар металдар (магнийден сынапқа дейін) жер қыртысында, көбінеоксидтер мен сульфидтер түрінде кездеседі, бірақ олардың тұз тектес минералдары да бар.Өнеркәсіптік әдіспен металдар алынатын минералдарды кендер деп атайды. Егер кеннің құрамында бірнеше металдың қосылыстары кездессе, оларды полиметалл кендергежатқызады. Қазақстанның жер қойнауында қорғасынды, мырышты, мысты, т.б. полиметаллкендер өте көп. Мамандардың айтуынша, біздің республикамызда периодтық жүйедегі барлық элементтердің жерде кездесетін қосылыстары бар. Мәселен, Алтай тауларының Қазакстанга карасты жагында 900-ге жуық полиметалл кен орындары табылган. Осыған бола бұл өлке Кенді Алтай деп аталады. Жезқазғанда мыс, қорғасын, мырыш, никель, кобальт, алюминий, марганец, т.б. металдардың кендері кездеседі. Қаратау жоталарында да қорғасын, мырыш, ванадий, теміркендері көптеп кездеседі. Қазакстандағы кен орындарын зерттеумен академик Қ.И. Сәтбаевбастаған ғалымдар тобы айналысты. 
'''Металлургия''' — табиғи шикізаттардан металдарды өнеркәсіптік жолмен өндіру әдістерімен айналысатын гылым мен техниканың және өндірістің саласы. Оны қара және түсті металлургия деп бөледі.
Қара металлургия темір және оның кұймаларын ендірумен айналысады, сондықтан оның өнімдерін де "қара металдар" дей береді. Басқа металдардың бөрінің өндірісін түсті металлургияға жатқызады, ал олардың өздерін және құймаларын "тусті металдар" деп атайды.
Қазакстандағы кара металлургияның ең ірі кәсіпорындарына: Теміртау металлургия комбинаты және Ақтөбе ферроқұйма зауыты, Соколов-Сарыбай мен Лисаковск тау-кен комбинаттары жатады.
Қазақстанда түсті металлургия жетекші салалардың бірі болып саналады. Түсті металдар өндірісінің катарына: Өскеменнің, Риддердің, Шымкенттің, Павлодардың металлургия комбинаттары кіреді.
Қазақстанда аса бағалы металдар: алтын, күміс, платина жөне сирек кездесетін металдар: ванадий, рений, молибден, уран, т.б. өндіріледі.
''Металлургия'' — өндірістің ең көне салаларының бірі. Кеннен металл алудың өдістері әлденеше ғасырлардан бері белгілі. Алайда қазіргі заманғы металлургияның өзіндік ерекшеліктері бар. Бүгінгі металлургия саласы адамзатка 75-тен астам таза металды және алуан түрлі касиеті бар 10 мыңдаған құймаларды беріп отыр.

 

 

 


Похожие материалы

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: География | Добавил: Admin (12.06.2015)
Просмотров: 1113 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]