Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Суббота, 3.12.2016
Главная » Статьи » Презентация на казахском языке » География

Түрікменстан слайд,презентация


Оқушылар,студенттер,мұғалімдер,сайт қолданушылары өз материалыңызбен бөліссеңіз қуанышты болатын едік!

Түрікменстан слайд,презентация
 
 
 
 
Жерінің ауданы – 491,2 мың км².
Халқы – 4,8 млн адам (2001 ж.)
Астанасы – Ашгабат.
Мемлекеттік құрылымы – республика.
Мемлекет басшысы – президент.
Заң шығарушы органы – парламент.
Мемлекеттік тілі – түрікмен тілі. 
Ұлттық валютасы – түрікмен манаты.
Түрікменстан Республикасы Әмудария мен Каспий теңізі аралығында, солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай созыла орналасқан. Солтүстігінде Қазақстан және Өзбекстанмен, шығысында Өзбекстан және Ауғанстанмен, оңтүстігінде Ауғанстан және Иран мемлекеттерімен шектеседі. Батысын Каспий теңізінің сулары шайып жатыр.
Жер шарындағы аса ірі құмды шөлдердің бірі – Қарақұм шөлі алып жатыр. Әмудария атырауы мен Каспий теңізі жағалауында сазды шөлдер, тақырлар орналасқан. Аласа таулар елдің оңтүстігінде шоғырланған. Олар шығу тегі жағынан Альпі қатпарлығында қалыптасқан  жас таулар болып табылады. 1948 жылы Копетдагта болған жер сілкінудің күші 10 балға жетті. 
Елдегі ең ірі өзен жүйесі – Әмудария. Мургаб және Теджен өзендері сулары құмға сіңіп, жоғалады. Батыстағы Атрек өзені Каспий теңізіне құяды. Бірнеше тұзды көлдер кездеседі, ең ірісі – Сарықамыс көлі (ас тұзы өндіріледі). Ауыл шаруашылық қажетін өтеудегі Қарақұм каналының орны ерекше. Қарақұм жері жер асты суларына бай болып келеді, бірақ олар біршама тереңдікте (200 м және одан да терең) орналасқан.
Республиканың минералды ресурстарын аумақтың геологиялық құрылысымен тығыз байланысты. Тұран плитасы мен Каспий теңізінің қайраңында табиғи газ (Ачак, Шатлык кен орындары) бен мұнайдың аса мол өоры шоғырланған. Табиғи газдың барланған қоры жөнінен дүние жүзінде алғашқы «бестікке» енеді. Қарақұмда күкірттің ірі кен орындары табылған. Каспий теңізі жағалауындағы Қара-Бұғазкөл шығанағында калий, магний, натрий, бром, йод және глаубер тұздарының мол қоры шоғырланған.
Елдің экономикалық тәуелсіздігіне қол жеткізу мақсатында арнайы мемлекеттік бағдарлама қабылданды, елдің дамуының негізгі бағыттары анықталды:  
Экономикада құрылымдық өзгерістер жүргізу;
Әлеуметтік саладағы бағдарламаларды жүзеге асыру;
Азық-түлік және халыққа қажетті тауарларды өндіру көлемін арттыру;
Нарықтық қатынастар мен кәсіпкерлікті одан әрі дамыту;
Ел экономикасына шетел инвестицияларын кеңінен тарту.
Соған қарамастан, өтпелі кезеңде көптеген кәсіпорындар жабылып, табиғи газ өндіру көлемі қысқарды. Қазіргі кезде Түрікменстанда ЖІӨ-нің көлемі 7 млрд АҚШ долларын құрайды, жан басына шаққандағы мөлшері 600 доллар шамасында. 
2001 жылғы есеп бойынша, Түрікменстанда 4,8 млн халық тұрады. Ел халқына ұдайы өсудің типі тән, туудың көрсеткіші 1000 адамға шаққанда 21 адам, ал өлім 6 адамды құрайды. Отбасындағы балалар саны тұрақты жоғары з–5 бала, тіпті одан да көп. 
Халықтың ұлттық құрамы күрделі: елде 100-ден астам ұлттар мен ұлыстардың өкілдері тұрады. Түрікмендер ел халқының ¼ бөлігін құрайды.
Ел халқы аумақ бойынша біркелкі қоныстанбаған, орташа тығыздық 1км²-ге 9,8 адамнан келеді. 
Ел өнеркәсібінің маманданған саласы – мұнай-газ кешені. Дүниежүзілік маңызы бар табиғи газ кен орындары Чарджоу облысының солтүстігінде (Ачак кен орны), Мары қаласы маңында және Каспий теңізі жағалауында орналасқан. Табиғи газды шетелдерге, ең алдымен, Еуропа елдеріне тасымалдау мүмкіндігіне зор мән берілуде.қазіргі кезде Ресей арқылы жүргізілген жалғыз газ құбыры бар. Блолашақта табиғи газды Иран мен Түркия жері арқылы Еуропаға, сондай-ақ Ауғанстан арқылы Пікстан мен Үндістанға тасымалдауға мүмкіндік беретін халықаралық газ құбырларын салу жоспарлануда. 
 
 
 
 
 
 

Похожие материалы

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: География | Добавил: Admin (18.03.2014)
Просмотров: 2659 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]