Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Пятница, 9.12.2016
Главная » Статьи » Презентация на казахском языке » География

Су,әуе көлігі және құбыр желісі слайд,презентация


Оқушылар,студенттер,мұғалімдер,сайт қолданушылары өз материалыңызбен бөліссеңіз қуанышты болатын едік!

Су,әуе көлігі және құбыр желісі слайд,презентация

 

 

Су, әуе көлігі және құбыр желісі


Су көлігі - энергияны пайдалануы жағынан көліктің ең арзан түрі. Поезд, машина, ұшақ сияқты кемелер мен баржылар жылдам қозғалмағанымен, ауыр жүктерді тасымалдауда оларға ешбір көлік теңесе алмайды. Кеме жасауға жұмсалатын көптеген материалдардың тығыздығы тұщы және теңіз суының тығыздығынан едәуір үлкен. Бірақ кез келген кеме үшін жүзудің негізгі шарты орындалады: кеменің суға батқан бөлігі ығыстырып шығарған судың салмағы кеменің жолаушыларымен, отынымен, тетіктерімен және басқа құралдарымен қоса есептегендегі салмағына тең болады. Кеме суда орнықты және қауіпсіз жүзуі үшін ол берілген бір тереңдікке дейін ғана суға батуы тиіс. Біздің елімізде су көлігі Ресей мен Украинадағыдай рөл атқармайды, себебі су қатынасы бар ірі өзендер еліміздің шет аймақтарымен ағып өтеді.
Әуе көлігі — әуемен жолаушылар, пошта және жүк таситын көлік түрі. Басқа көлік түрлерінен артықшылығы — жылдамдығында. Әуе көлігі Америка мен Еуропаның бірқатар елдерінде 1-дүниежүз. соғыстан кейін пайда болды. Франция мен Германияда көліктің бір түрі ретінде 1920 жылдан кейін дами бастады. Ресейде алғашқы әуе жолы (Мәскеу—Төм. Новгород) 1923 жылы ашылды.
Қазақстанға тұңғыш ұшақ 1918 жылы 9 қаңтарда ұшып келді. Ұшқыштар — Н. С. Горбунов пен В. Р. Браунц басқарған “Фарман-30” ұшағы Мартөк (Ақтөбе қаласыныңмаңында) — Новосергеевка бағытымен 1 сағ. 20 минутта 350 км қашықтықты ұшып өтті.
Құбыр желісі
  ҚҰБЫР ЖЕЛІСІ, құбыр тасымалы – көлік құралдарының бірі; сұйық, сусымалы жүктерді, мұнайды, газды құбырмен тасымалдау, сондай ақ осындай тасымалдауға арналған құралдар, тетіктер, коммуникациялар жиынтығы. Құбыр желісі, шын мәнінде, “көлік” деген ұғымның жалпы жұрт таныған анықтамасына сай келмейді: мұнда жылжымалы құрам, жол жоқ. Жылжымалы құрам – құбыр желілерінің өзі. Ондағы жүк қысыммен жылжиды. Олар түрлі диаметрдегі құбырлар болып табылады. Әрбір 100 – 140 км қашықтықта автоматты түрде жұмыс істейтін сорап станциялары орнатылады. Құбыр желісінің қондырғыларына қатарласқан және қиылысатын даңғыл жолдарды қосатын және ажырататын желілік тораптар да, өзен, көл, автодаңғылдар, темір жолдар арқылы өтетін жер үстіндегі және жер астындағы өткелдер де, мұнай айдайтын және компрессорлық станциялар, даңғыл жолдарды қосатын және желілердің жекелеген телімдерін жабатын құрылғылардан тұратын желілік тораптар да жатады. Құбыр желісі, негізінен, мұнай құбырлары мен газ құбырларын қамтиды

 

 

 


Похожие материалы

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: География | Добавил: Admin (05.02.2015)
Просмотров: 3715 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]