Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Суббота, 10.12.2016
Главная » Статьи » Презентация на казахском языке » География

Сауд Арабиясы слайд,презентация


Оқушылар,студенттер,мұғалімдер,сайт қолданушылары өз материалыңызбен бөліссеңіз қуанышты болатын едік!

Сауд Арабиясы слайд,презентация

 

 

Сауд Арабиясы Араб түбегінде орналасқан ең үлкен мемлекет. Арабия — Оңтүстік-Батыс Азияда орналасқан, дүние жүзіндегі ең ірі түбек (ауданы 3 млн. км²). Ол Жерорта, Қызыл, Араб теңіздерімен қоршалған. Құрлықтағы шартты шекарасы солтүстігінде Месопотамия ойпаты, Парсы шығанағы, Ормуз мойнағы, Оман шығанағы арқылы өтеді. Оңтүстік шекарасы Акаба шығанағы, Қызыл теңіз, Баб-әл-Мандеб бұғазы. Аден шығанағы арқылы Араб теңізінің батыс жағалауымен жалғасады. Араб түбегіне түгелімен Сауд Арабиясы, Йордания, Йемен республикасы, Оман, Бахрейн, Кувейт, Ливия, Палестина, Израиль мемлекеттері және Сирия мен Ирақтың бір бөлігі енеді.
Басқару жүйесі — абсолютті теократты монархия. Мемлекет басшысы – патша, шексіз билік иесі. Мемлекет тең 12 бөлікке  бөлінген.
Сауд Арабиясында мұнай алғаш рет 1936 жылы табылды. 2002 жылы елде күніне 10,5 млн баррель мұнай өндірілді. Корольдікте бұл қазба отынның бүкілдүниежүзілік қорының 1/4-не жуығы шоғырланған. Экспорт құрылымында мұнайдың үлесі 97%-ға жетеді. Мұнай кен орындарының көпшілігі елдің шығысында, Парсы шығанағының жағалауында орналасқан. Мұнайды экспортқа шығарудан түсетін орасан пайда қазіргі заманғы қалалар, жолдар мен порттар салуға, инфрақұрылымды дамытуға, мектептер мен ауруханаларды қазіргі заманғы құрал-жабдықтармен жарақтандыруға мүмкіндік берді. Қаржы сондай-ақ өнеркәсіптің мұнай-химия, металл өңдеу мен дәрі-дәрмек жасау сияқты салаларын құруға да бағытталады.
Сауд Арабиясы мұнайды экспортқа шығаратын елдер ұйымында (ОПЕК) жетекші орынды иеленді, бұл оған көптеген халықаралық өткір проблемаларды шешуге ықпал етуге мүмкіндік береді.

 

 

 

 


Похожие материалы

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: География | Добавил: Admin (17.04.2015)
Просмотров: 1601 | Рейтинг: 5.0/1
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]