Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Понедельник, 5.12.2016
Главная » Статьи » Презентация на казахском языке » География

Португалия слайд,презентация


Оқушылар,студенттер,мұғалімдер,сайт қолданушылары өз материалыңызбен бөліссеңіз қуанышты болатын едік!

Португалия слайд,презентация




Португалияның ең үлкен қалалары Лиссабон - 560 мың Порту - 270 мың Амадора - 175 мың Сетубал - 120 мың Брага - 115 мың Фуншал - 105 мың Коимбра - 105 мың
Португалия Республикасы — Оңтүстік-Батыс Еуропаның қиыр шетінде, Атлант мұхиты жағалауында орналасқан мемлекет. Пиреней түбегінің батыс бөлігін және Азор, Мадейра аралдарын алып жатыр. Солтүстігі мен шығысындаИспаниямен, ал оңтүстігі мен батысын Атлант мұхиты шайып жатыр. Ел аты Порту (лат. Portus Cale — «жылы кемежай») қаласы атынан бастау алады. Жер көлемі 92,1 мың км². Халқы 10,1 млн. (2000). Халқының 99%-ы португалдар, қалғанын испандықтар мен бразилиялықтар құрайды.
Ресми тілі — португал тілі. Халқы католик дінін ұстанады. Астанасы — Лиссабон қаласы Әкімшілік-аумақтық жағынан 18 округ және 2 автономиялық облыстан тұрады. 1976 ж. қабылданған конституциясы бойынша елді Президент басқарады. Жоғарғы заң шығарушы органы — бір палаталы республикалық жиналыс. Атқарушы билік үкіметтің қолында. Ұлттық мейрамы — Португалия күні — 10 маусым (1580). БҰҰ-ға (1955), Еурокеңеске (1976), НАТО-ға (1949) және Еуроодаққа (1993) мүше. Ақша бірлігі —эскудо.
 Климаты субтропиктік,жерортатеңіздік. Солтүстігінде таулы-орманды, күлгін, оңтүстікнде қызыл-қоңыр топырақ тараған. Аумағының 5%-ға жуығыорман. Қасқыр, түлкі, сусар, генетта, алжир кірпісі, көптеген кеміргіштер, кесіртке,жылан, әр түрлі құстар мекендейді. Жағалық сулары балыққа бай. Негізгі табиғи қорлары: вольфрам, қалайы кен тасы, темір, уран кен тасы, қоңыр көмір кені.





Похожие материалы

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: География | Добавил: Admin (18.03.2014)
Просмотров: 2039 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]