Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Понедельник, 5.12.2016
Главная » Статьи » Презентация на казахском языке » География

Польша слайд,презентация


Оқушылар,студенттер,мұғалімдер,сайт қолданушылары өз материалыңызбен бөліссеңіз қуанышты болатын едік!

Польша слайд,презентация




Ресми тіл: поляк
Астанасы: Варшава
Ірі қалалары: Варшава, Краков, Лоздь, Быдгочш
Үкімет түрі: Парламенттік Республика
Президенті: Бронисла Коморовски 
Премьер-министірі: Дональд Туск 
Жер аумағы: 69-шы; Барлығы: 312 679 км²
Жұрты: Сарап (2011) 38 501 000 адам (34-ші)
     тығыздығы: 123 адам/км²
Ж ІӨ (АҚТ)  • Қорытынды (2012)  • Жан басына шаққанда 766,675 млрд. $ (20-ші) 22 500  $
Валютасы: Злотый
Польша Республикасы — Орталық Еуропадағы мемлекет. Жер аумағы — 312,7 мың км². Халқы 38,7 млн. (2000). Халқының басым бөлігі поляктар (98%),қалғандары немістер (1,3%),беларусьтар (0,6%), украиндар (0,5%), т.б. Ресми тілі — поляк тілі. Халқының көпшілігі христиан  дінінің католик, солтүстік аудандандары протестант тармақтарын ұстанады. Конституция бойынша мемлекет басшысы президент. Жоғарғы заң шығарушы органы — екі палаталы парламент (сейм және сенат). Астанасы — Варшава қаласы Әкімшілік жағынан 16 провинцияға (воеводаларға) бөлінген. Ұлттық мейрамы —11 қараша — Тәуелсіздік күні. Ақша бірлігі — злота.
Польша жерінің 90%-нан астамы жазық, тау массивтері оңтүстік жағында ғана кездеседі. Балтық теңізімен жалғасатын бөлігі жатық, құмды. Солтүстік Польшаның жер бедерін негізінен аккумуляттық шөгінділерден түзілген Ұлы Польша,Мазовия және Подляс ойпаттары алып жатыр. Бұларға оңтүстіктен Силезия, Кіші Польша, Люблин ассимметриялық қыраттары жалғасады. Польшаның оңтүстік-батыс шетіндеСудет тау массиві, оңтүстікнде және оңтүстік-шығысында Карпат тауының сілемдері (ең биік жері 2499 м) орналасқан. Климаты қоңыржай, батысынан шығысына қарай теңіздік климаттан континенттікке ауысады.
Варша́ва - Польшадағы аймағы көлемінен және тұрғындары жағынан алғанда ең үлкен қала. 1596 жылы Вавель қорғанының өртенген сәтінде Сигизмунд ІІІ өз резиденциясын осында ауыстырған әтінде ресми түрде қала мәртебесін алды, сонда да Конституция бойынша 1791 жылы ғана астана мәртебесі бекітілген болатын. Қала арқылы Висла өзені ағып өтеді.





Похожие материалы

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: География | Добавил: Admin (18.03.2014)
Просмотров: 2021 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]