Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Суббота, 10.12.2016
Главная » Статьи » Презентация на казахском языке » География

Малайзия слайд,презентация


Оқушылар,студенттер,мұғалімдер,сайт қолданушылары өз материалыңызбен бөліссеңіз қуанышты болатын едік!

Малайзия слайд,презентация




Малайзия - Калимантан (Борнео) аралының солтүстік және Малакка түбегінің оңтүстік бөлігін алып жатқан Оңтүстік Шығыс Азиядағы мемлекет. Малайзияның солтүстік жағалауы Оңтүстік Қытай, солтүстік шығыста Сулу және шығыста Сулавеси теңіздерінің суларымен шайылады. Малакка түбегінде Таиландпен, Калимантан аралында Индонезия және Брунеймен шектеседі. Малайзияны Сингапурдан Джохор бұғазы ажыратуда. Шекараның жалпы ұзындығы 2 669 км, жалаудың ұзындығы 4 675 км. Климаты экваторилдық, ыстық әрі ылғал.  
2020-жылы әлемнің ең дамыған елдері қатарына қосылуды мақсат етіп отырған 26 миллион тұрғыны бар Малайзия -көпұлтты мемлекет. Оның ішінде тұрғылықты мекендеушілер – малайлықтар мен оранг-асли 65,1%, қытайлықтар – 26%, үнділер – 7,7%. Халықтың 65 пайызы қалаландырылған аймақтарда өмір сүруде. Өмір ұзақтығының орта шеңі: ер азаматтар – 71,8 жас, әйел азаматтар – 76,3 жас. Малайзиялықтардың діні: мұсылмандар 60%-ды құрайды. Сонымен қатар елде буддистер, даосистер, христиандар тұрады. 
Ұраны: «Bersekutu Bertambah Mutu Бірлік — ол күш»
Әнұраны: «Negaraku (Отан менің)»
Тәуелсіздік күні 31 тамыз 1957
Ресми тілі Малайша
Астанасы Куала-Лумпур
Жер аумағы 329 758 км²
Халқы 28 310 000 адам
ЖІӨ
        Қорытынды 447,595 млрд $
        Жан басына шаққанда 15 810 $
Малайзия экваторлық белдеуде орналасқан. Батыс аумағын солтүстіктен оңтүстікке қарай таулы белдеу кесіп өтсе, шығысын жағалаулық жазықтық алып жатыр. Климаты оңтүстігінде экваторлық, солтүстігінде субэкваторлық, муссондық. Орташа жылдық темп-расы 25 — 28°С. Жауын-шашын мөлшері жылына жағалаулық өңірлерде 2000 — 2500 мм, таулы аймақта 4000 — 5000 мм. Ірі өзендері — Раужанг, Бором, Кинабатонлон. Малайзия жерінің жартысына жуығын мәңгі жасыл ылғалды тропиктік орман алып жатыр. 
Малайзия – қарқынды дамушы индустриалды-аграрлық мемлекет. 2011 жылы Малайзияның Жалпы Ішкі Өнімі (ЖІӨ) 5,2%-ға өсті, сөйтіп 247,7 млрд. АҚШ долл.құрады. Халықтың Адам басына бұл көрсеткіш 9 575 долл. құрайды (2011 ж.) және аймақтағы ең жоғарғы көрсеткіш болып табылады. ЖІӨ құрылымы келесі түрде бөлінген: ауыл шаруашылығы - 9,7%, өнеркәсіп - 44,6%, қызмет көрсету саласы - 45,7% (2008 ж.). Соңғы жеті жылда елдің алтын валюталық қоры үнемі ұлғайып келді және 2011 жылы 133 млрд. АҚШ долл.құрады. Еңбекке жарамды халықтың саны - 12,7 млн.адам (2011 жылғы мәліметтер бойынша), олардың 13%-ы ауыл шаруашылық саласында, өнеркәсіп саласында - 36%, қызмет көрсету саласында - 51%. ІЖӨ ең үлкен үлесі қызмет көрсету саласына тиесілі, оның басым бөлігі үстеме және бөлшектем сату сауда, сондай-ақ қаржы қызметі; сақтандыру және жылжымайтын мүлік алу. Шетел мемлкеттермен сауда Жұмыссыздық деңгейі 3% пайызды құрайды (2011 жылғы мәліметтер бойынша), үйсіз халықтың саны 5,1% пайызды құрайды. 2008 жылы бюджеттік кіріс 44,32 млрд-қа тең болды, ал бюджеттік шығыс - 55,1 млрд. АҚШ долл. құрады. Тікелей шетелдік инвестициялар ағымы 2008 жылы ІЖӨ 20,7% құрады, ал дағдарыс деңгейі 5,8% пайызды құрайды. Сыртқы қарызы – ІЖӨ 42,7% құрады (2008 ж.). Экономиканың аса қарқынды секторы – өңдеу өнеркәсібі. Ел интегралды жобалардың, кондиционерлердің, радио жәнетелеаппаратура шығарушы әлемдік негізгі елдер қатарына кіреді. Малайзия – АСЕАН елдерінің ішінде өз автомобиль құрылысы бар жалғыз ел. («Протон», «Перодуа», «Наза», «Хайком», «Буфори» сияқты маркалар бар). Өнеркәсіп өндірісі негізінен Кланг өзенінің маңайына шоғырланған. (т.н. «Селикон даласы»), сондай-ақ Пинанг штатында.
Куала Лумпур (малайша Kuala Lumpur ) – Малайзия елінің астанасы, Малакка түбегінің оңтүстік-батысында орналасқан қала.2009 жылғы мәлімет бойныша қала тұрғын саны 1 809 699 адамды құрайды. 2006 жылдан бері қала мэрі Хаким бин Борхан.






Похожие материалы

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: География | Добавил: Admin (18.03.2014)
Просмотров: 2975 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]