Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Суббота, 3.12.2016
Главная » Статьи » Презентация на казахском языке » География

Исландия слайд,презентация


Оқушылар,студенттер,мұғалімдер,сайт қолданушылары өз материалыңызбен бөліссеңіз қуанышты болатын едік!

Исландия слайд,презентация




Елдің респи атауы: Исландия ( Ísland)
Астанасы: Рейкьявик
Жалпы жер аумағы: 103,125 км² (Д/Ж бойынша 105 орында) 
Елдің тығыздығы: 1 шаршы км-ге 3,08 адам
Елдің басқару формасы: Парламенттік республика
Президент: Олафур Рагнар Гримссон
Премьер-министр: Йоханна Сигурдардоттир
Ресми тілі: Исландиялық (де-факто)
Валютасы: Исланд кронасы (ISK)
Интернет-домені: .is
Телефон коды: +354
Сағаттық белдеу: +0
   Исландия (Исландия Республикасы) — Еуропада орналасқан аралды ел.  Гренландия аралының шығысында және Норвегия мен Норвег теңізінің батысында жайғасқан. Елордасы Рейкиявик аралдың оңтүстік-батысында орналасады.
Солтүстік Америка мен Еуропа арасындағы ұлы мұхитта орналасқан аралдық қос елдің бірі — Исландия геологиялық тұрғыдан алғанда әлемдегі ең жас елдердің бірі. Ғалымдардың пікірінше, Исландия Жер тарихының төрттік дәуірінде су асты (Атлант мұхиты)жанартауларының атқылауынан пайда болып, жаһандық мұз басу кезеңінде қатып, аралға айналған мемлекет.
Жануарлар дүниесі

Елдің фаунасы да өте бай емес. Мекеннің ең тұрғылықты жануары — ақ түлкі (песец) саналады. Ал 18 ғ. бері Исландияға жерсіндірілген тышқанның бірнеше түрі мен 80-ге жуықтайтын құстар түрі, солтүстік бұғы-маралдар аймақтың жаңа тұрғындары іспеттес. Бірақ бұлардың бәрі де елдермен салыстырғанда азшылықты құрайды. Тек қана Исландияның мұхит жағалауында балықтар түрлері ғана көп. Исландия теңіз жануарларына кенде емес. Тіпті жағалауда итбалықтың екі бірдей түрі мен киттердің бірнеше түрі мекен етеді.
Исландия өзінің аралдық көршісі — Британ аралдары секілді жауын-шашынның көптігімен ерекшеленеді.Дегенмен аралдың атауы мен мұздықтардың көптігін алға салып, Исландияны арктикалық ел екен деп ойласақ, үлкен қатеге ұрынамыз. Өйткені Солтүстік-Атлант ағысы (Голфстрим) әкелетін жылы желдер лебі Исландияның ауа райын бірқалыпты етіп отырады. Бұл аймақта қаңтардың орташа температурасы бар болғаны −1 °C болса, шілденің орташа температурасы +11 °C. Басқаша айтқанда, елдің жазы аптап емес те, қысы табан тоңдырмастай. Қоңыржай климаттың туристер үшін жайлылығы басым болғанымен, ауыл шаруашылығы үшін аяқтан шалатын жайт екені рас. Осыдан да келіп, Исландия ауыл шаруашылығы дамуы жөнінен артта қалған елдер санатына жатқызылады.
Саясаты

Исландия — республикалық мемлекет. Конституциясы 1944 ж. қабылданған. Ел басшысы — президент әр төрт жыл сайын бүкілхалықтық ашық және жабық сайлау нәтижесінде сайланып отырады. Дегенмен президенттің уысына атқарушы билік түгелдей беріле қоймаған. Заң бойынша атқарушы билік үкімет пен оның басшысы — Премьер-министрдің қолында.
Парламент (жергілікті тілде алтинг аталады) депутаттары да (жалпы саны — 63) бүкілхалықтық сайлау нәтижесінде 4 жылға сайланады.
Ал елдегі ең екпінді партия — «Тәуелсіздік партиясы». 2003 ж. соңғы алтинг депутаттары сайлауында аталмыш партия атынан «бәйгеге» түскен үміткерлер 22 орынды (33,7 %) жеңіп алған болатын. Исландиядағы өзге партиялар қатарында Прогрессивтік партия және социалистік-демократиялық альянс бар






Похожие материалы

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: География | Добавил: Admin (18.03.2014)
Просмотров: 1126 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]