Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Суббота, 10.12.2016
Главная » Статьи » Презентация на казахском языке » География

Германия мемлекеті жəне құқығы слайд,презентация


Оқушылар,студенттер,мұғалімдер,сайт қолданушылары өз материалыңызбен бөліссеңіз қуанышты болатын едік!

Германия мемлекеті жəне құқығы слайд,презентация

 

 

Германияның мемлекеті жəне құқығы


Дербес  мемлекет ретінде Германия Франк мемлекетінің ыдырауы  нəтижесінде пайда болды. Алғашқыда ол Тевтонмемлекеті деп аталды, оның құрамына Швабия, Бавария, Франкония, Саксония жəне Лотарингия кірген (славяндар Тевтонияда өмір сүретін халықтарды немецтер деп атаған, «немой» славян тілдерінде сөйлей алмаушы).
Германияның мемлекеті жəне құқығы тарихының кезеңдері:
1 кезең — ертефеодалдық монархияның — герман
халқының Қасиетті Рим империясының құрылуы
 (Х-ХІІІ ғ.ғ.);
2 кезең — Германияның княздықтарындағы сословиелік-өкілдік монархияның қалыптасуы жəне нығаюы жəне
курфюрсттер олигархиясының орнауы (ХIV-XVI ғ.ғ.);
3 кезең — герман мемлекеттерінде княздық абсолютизмнің орнауы (ХVII-ХІХғ. басы).

Ертефеодалдық монархия Аумақтың көршілес халықтардың (славяндардың) кеңеюі нəтижесінде Еуропаның орталығында құрамына барлық германдық герцогтықтар, полабтық славяндар мен Солтүстік Италияның күштеп қосылған жерлері кірген империя пайда болды, ол ХІІІ ғасырда «герман халқының қасиетті Рим империясы» атауын иеленді. Бұл əр түрлі халықтарды — немістерді, славяндарды — императордың билігіне күштеп біріктірген мемлекет болды, алайда əлсіз болғандықтан, мұнда саяси дербес княздықтар мен жекелеген неміс қала -республикалары қалыптасты.

Қоғамдық құрылым. Бұл кезеңде халықтың негізгі бөлігін
феодалдар құрады, олар үстемдік құрушы топ пен рыцарь-
лардан тұрды (бұлардың екеуіне де ортақ белгі болып сю-
зереннен алынған ленді иелену мен сюзереннің əскеріне қыз-
мет ету міндеті табылды). Халықтың екінші бөлігі шаруалар-
дан тұрды, олар бірнеше санаттарға бөлінді:
 еркін шаруалар —өз жерлерінің иесі;
 чиншевиктер — бөтен жерді пайдаланушылар жəне сол үшін алым-чинхи төлеушілер; 
шаруалар мен халоптар; 
қалалықтар — саудагерлер мен қолөнершілер, жеке бостандық пен меншікті иеленген.

Мемлекеттік құрылымы. Германиядағы мемлекеттік құры-
лымның өзіндік ерекшеліктері болған:
а) патшалар (императорлар) сайланбалы болатын;
ə) жергілікті феодалдардың, əсіресе, князьдардың билігі
ерекше мəнге ие болғаны соншалық, олар дербес мемлекет
басшыларына айналды. Формальды түрде герман патшасының
билігі ауқымды болса, іс жүзінде ол діни жəне ақсүйек
феодалдардың артықшылықтарының нəтижесінде шектелетін
болды, сөйтіп феодалдар орталық биліктен экономикалық жəне
саяси тəуелсіз болды. Хғ. басқарудың сарайлық — вотчиналық
жүйесі бекітілді. Жергілікті жерлердегі патша шенеуніктері графтар мұрагерлік ленниктерге айналды, олар өз иеліктерінің
басқару аппаратын қалыптастырды, сөйтіп орталық органдар
жергілікті жерлердегі басқаруға араласа алмайтын болды.

Əскер. Бұл кезеңде Германияның қарулы күштері рыцарьлардан — императордың вассалдарынан құралды. Феодалдардың əскери қызметі 6 аптамен жəне белгілі бір аумақпеншектелді. Қажет болған жағдайда патша қолына шаруалар шақырылатын.
Сот. Императорлардың сот билігі шектелген болатын. Жоғарғы юрисдикция ақсүйек жəне діни феодалдардың қолында жинақталды; сословиелік соттар пайда болып, өзімен тең тұлғалармен соттасу қағидасы бекітіледі. Шаруаларға қатысты сот билігін феодалдар жүзеге асыратын болды.

 


Похожие материалы

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: География | Добавил: Admin (29.01.2015)
Просмотров: 2127 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]