Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Пятница, 9.12.2016
Главная » Статьи » Презентация на казахском языке » География

Чехия слайд,презентация


Оқушылар,студенттер,мұғалімдер,сайт қолданушылары өз материалыңызбен бөліссеңіз қуанышты болатын едік!

Чехия слайд,презентация





 Чехия - орталық Еуропадағы мемлекет
 Тәуелсіздік күні 1 қаңтар 1993 (Чехословакияның ыдырауынан)
 Ресми тілі - чех тілі
 Астанасы  - Прага
 Ірі қалалары - Прага, Брно, Острава, Пльзень
 Үкімет түрі - Парламенттік республика
 Президенті - Вацлав Клаус
 Премьер-министрі -  Петр Нечас
 Жер аумағы: 78 866 км²
 Жұрты: 10 532 770 адам
 Тығыздығы: 133 адам/км²
 ЖІӨ 190,264 млрд. $. Жан басына шаққанда 18 135 $
 Этнохороним чехтар
 Валютасы Чех кронасы
 Уақыт белдеулері UTC +1, жазда UTC +2
Чехия – Орталық Еуропадағы мемлекет. Чехия солтүстігінде Польшамен, оңтүстігінде – Австриямен, шығыста – Словакиямен және солтүстік-батыс пен батыста – Германиямен шекаралас. Чехия Богемия, Моравия және Силезия бөлігінің тарихи облыстарынан пайда болған. Чехословакия бөлінгеннен кейін қазіргі Чехия пайда болған. 
Чех жерлері тарихи жағынан үш облысқа : Чехия , Моравия мен Силезияға ( астаналары тиісінше –Прага, Брно, Острава қалалары ) бөлінеді. Елдің орталық бөлігі жазық болып келеді, шекараларын бойлай тау массивтері орналасқан: солтүстік- батысында Крушне таулары ( ең биік жері Клиновец – 1244м ), солтүстігінде Кроконоше ( Судет)  таулары ( ең биік нүктесі Снежка -1602м), батысындагранитті Плехи тауы (1378м) бар. Шумава, Моравияда Грубый Есеник таулары ( ең биік жері Прадед – 1491м ). 
Ең ірі өзендері : негізгі саласы Влтава болатын Эльба ( 357 км) мен Морава( 329км ). Чехияның көпшілік бөлігін қылқан жапырақты ормандар  ( әсіресе , шыршалар ) мен аралас ормандар алып жатыр. Ең үлкені –Рожмберг ( 489га ). Елдің жер қойнауы емдік минералды суға бай. Тауларда аю, елік, түлкі, бұғы мекендесе, жазықтарда әр түрлі  кеміргіштер, кесірткелер, құстардың көптеген түрлері кездеседі. 
Климатықоңыржай теңіздіктен континенттік өтпелі. Қаңтардың орташа температурасы  -2 – 4С ( жазықтарда ) және -8 – 10С ( тауларда ), шілденің орташа температурасы  19 – 20С ( жазықтарда ) және  4 – 8С (тауларда ). Жылдық жауын –шашын мөлшері  500-700мм, таулы жерлерде 1600 – 2100мм шамасында.
10,29 млн. адам ( 2003 жылы). Этникалық құрамы чехтар (90,1), словактар ( 1,8), поляктар ( 0,5), немістер ( 0,4), сығандар ( 0,1 ) .Чехтар тiл бойынша батыс славянхалықтарына жатады. 
Діні: Католиктер ( 39,2), протестант ( 4,6), православиеліктер ( 3), атеистер (39,8 ), басқалар (3,4) . 
Чехия – өнеркәсіпті ел. Өнеркәсібінің жетекші салалары отын-энергетикалық , машина жасау,          ( энергетика және басқа өндірістік құрал- жабдықтар, станоктар, электротехникалық бұйымдар, автомобильдер шығару )  , химия ( пластмасса, синтет, каучук, тыңайтқыштар ), жеңіл ( тігін, трикотаж, тері-аяқ киім ) және тамақ ( қант, сыра қайнату, ет, кондитерлік ) өнеркәсіптер. Қоңыр және тас көмір ( Острава Карвин, сотүстік Чехия және Соколов көмір бассейіндері ), темір және уран кентастарын өндіру дамыған. Жылына 58,7 млрд. кВт/сағ  электр қуаты өндіріледі. Негізгі өнеркәсіп орталықтары –Прага, Пльзень, Острава, Брно. Ауыл шаруашылығы үшін ел аумағының 43%-ы пайдаланылады. Шалғындар мен жайылымдар жердің  11% -  ын ,ормандар 33% ын  алып жатыр. Етті– сүтті мал өсіру, шошқа мен құс өсіру дамыған. Қант қызылшасы, бидай, картоп, құлмақ, көкіністер мен жеміс– жидектер өсіріледі.  
Сыртқы машиналар мен құрал- жабдықтар, химиякаттар, жеңіл және шыны- керамик. өнеркәсіп  өнімдерін, азық -түлік шығарады. Негізгі сауда серіктестері: Германия, Словакия, Австрия, Ресей, Италия.
Сауда- экономикалық ынтымақтастық. Қазақстан Республикасы Статистика жөніндегі Агенттігінің мәліметтері бойынша,  2005 жылы  Қазақстан мен Чехия арасындағы сауда айналымы  119,6 млн. долларды құрады ( қазақстандық экспорт –23,6 млн. доллар , импорт – 96 млн доллар),  2004ж . 149,4 млн. доллар болған еді ( қазақстандық экспорт – 50,2 млн. , импорт  – 99,2 млн.).
Қазақстанның Чехияға шығаратын негізгі тауарлары : минералды отын мен жағар – жанармайлар, химикаттар, фосфор, хром қосындылары, қара және түсті металдар, тері шикізаттар, мақтадан тоқылған маталар, астық пен басқа да ауыл шаруашылық өнімдері.
Қазақстанға Чехиядан мына заттар әкеленеді : тамақ өнеркәсібі өнімдері, халық тұтынатын тауарлар, медикаменттер мен медициналық жабдықтар, шиналар, құбырлар, автокөліктер, механизмдер мен оларға қажетті қосалқы бөлшектер, жиһаздар, технологиялық жабдықтар.
Қазақстанда Чехия капиталының  қатысуымен  72 бірлескен кәсіпорын тіркелген. Қазіргі кезде Қазақстанда  16 чехияның тіркелген  фирмасы.
Қазақстан Республикасы мен Чехия Республикасы  арсаындағы экономикалық қатынастардың перспективалы бағыттары : отын– энергетикалық сектор, машина жасау, құрылыс материалдары өндірісі, көлік және телекоммуникациялар, металлургия, химия, қайта өңдеу, жеңіл және тамақ өнеркәсібі, озық технологияларды енгізу.






Похожие материалы

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: География | Добавил: Admin (18.03.2014)
Просмотров: 2569 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]