Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Воскресенье, 4.12.2016
Главная » Статьи » Презентация на казахском языке » География

Бразилия слайд,презентация


Оқушылар,студенттер,мұғалімдер,сайт қолданушылары өз материалыңызбен бөліссеңіз қуанышты болатын едік!

Бразилия слайд,презентация




Бразилия Федеративтік Республикасы – Оңтүстік Америка құрлығының шығыс және орталық бөліктерін алып жатқан мемлекет. Жері – 8,5 млн. км². Халқы 189 млн. адам (2007). Халқының этникалық құрамы: ақ нәсілдер – 54,7%, зәңгілер – 5,89%, мулаттар – 38,45%. Бұған қоса 3 млн-нан астам иммигранттар (жапон, италиялық, неміс, араб, француз, т.б.) тұрады. Астанасы – Бразилиа. Мемлекеттік тілі – португал тілі. Халқының көпшілігі христиан дінін ұстанады. Ұлттық мейрамы – жетінші қыркүйектегі Тәуелсіздік күні. Бразилия – президенттік федеративті республика. Елдің басшысы, Қарулы Күштердің бас қолбасшысы – президент. Жоғарғы заң шығарушы органы – Ұлтық Конгресс федералдық сенат және депутаттар палатасынан тұрады. Әкімшілік жағынан жиырма бес штатқа, бір федералдық (астаналық) округке бөлінеді. Губернатор билейтін әрбір штат өз конституциясын ұстанады.
Бразилия жері экваторлық (солтүстік бөлігі), субэкваторлық, тропиктік (орталық және оңтүстік бөлігі), субтропиктік (қиыр оңтүстік-шығыс) ендіктерде орналасқан. Жерінің көбін Бразилия таулы үстірті алып жатыр. Климаты негізінен ыстық, жауын-шашын мөлшері әр түрлі. Батыс жағы ылғалды экваторлық, шығыс жағы қуаң экваторлық ендікте. Суы мол, энергия көзіне бай өзендер көп, ішіндегі ірілері: Амазона, Сан-Франсиску, Парнамба, Парана. Ниобий, уран, торий кендері бар. Одан басқа темір, марганец, мыс, мұнай, газ, көмір қорлары мол кездеседі.
Рио-де-Жанейро (порт. Rio de Janeiro — қаңтардағы өзен) — Бразилиядағы қала. Рио-де-Жанейро штатының әкімшілік орталығы, 1764 жылдан—1960 жылға дейін — Бразилияның астанасы. Халқы — 6.3 миллион адам, тұрғындары санынан Бразилиядағы Сан-Паулудан кейін екінші қала (Америкадағы 6-шы, әлемдегі 26-шы). Қаланың лақап атауы — «Ғажайып қала» (порт. Cidade Maravilhosa). Рио-де-Жанейро — оңтүстік жарты шардағы келушілер саны бойынша бірінші орында және өзінің табиғатымен, карнавал тойлануымен, самбамен, Босса-новамен және жағажайларымен (Барра-да-Тижука, Копакабана, Ипанема және Леблон) танымал. Сондай-ақ жағажайлардан басқа, қаланың ең танымал назар аударарлық орындарының бірі Корковадо тауында орналасқан Құтқарушы Христостың мүсіні ('Cristo Redentor'), әлемнің жаңа жеті кереметінің тізіміне енгізілді. Рио Оңтүстік Америкадағы алғаш рет өтетін 2016 жылдың жазғы Олимпиада ойындарын өткізеді. Сонымен қатар қаланың басты спорттық аренасы - Маракана стадионы өзінде 2014 жылдың футбодан әлем чемпионатының финалды матчін өткізеді. Маракана стадионы әлемдегі ең үлкен стадиондарының бірі.






Похожие материалы

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: География | Добавил: Admin (18.03.2014)
Просмотров: 3664 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]