Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Суббота, 3.12.2016
Главная » Статьи » Презентация на казахском языке » География

Балқаш ауданы слайд,презентация


Оқушылар,студенттер,мұғалімдер,сайт қолданушылары өз материалыңызбен бөліссеңіз қуанышты болатын едік!

Балқаш ауданы слайд,презентация

 

 

1928 жылдың 17 қаңтарында құрамында 21 ауданы бар Алматы округі құрылды. Жаңа аудандардың бірі Балқаш ауданы болды да, оның орталығы қазіргі Жиделі әкімшілігіне қарасты Байменей өзенінің жағасындағы атақты Ойшы байдың ауылында орналасты.Аудан кеңсесі 1929 жылы наурызда қазіргі Көктал ауылының аумағында Дәркембайдың мектеп үйіне ауысты, 1930 жылы Ақкөлге көшіп келген. Бұл уақытта өңір тұрғындарын ашаршылық жайлай бастап, халықтың өкіметке наразылығы күшейіп тұрған кезең еді.1928 жылы  қыркүйек айында Алматы Губкомына қарасты Балқаш ауданы құрылды. Ауданның құрылуы өкінішке орай күштеп ортақшаландыру мен отырықшыландыру, ауылдағы қарама- қайшылықтарды қолдан ушықтыру, қоғамның бір бөлігін бір бөлігіне айдап салу саясатына тұспа-тұс келді. Осы жылдың қазан, қараша айларында өңірде байларды тәркілеу басталып ол асыра сілтеушілік пен озбырлыққа ұласып отырған. Жергілікті белсенділердің өздері заңды, тәртіпті толық түсінбей, шала сауатты адамдардың жіберген өріскел кемшіліктері салдарынан жазықсыз ондаған адамдар зардап шеккен. Ірі байлармен бірге орта шаруалардың да мал-мүліктері тартып алынып, жер аударылып, көбісі  сотталған Байларды тәркілеу, қуғын-сүргін, ашаршылық, мемлекеттің тезге салған зорлықшыл саясатына  халықтың ашу-ызаға толы қарсылығының көрінісі, біріншісі 1930 жылғы сәуірде, екіншісі 1931 жылғы қатарынан 2 рет болған «Ақкөл көтерілісі» болды. Біріншісінде 63 адам түрмеге қамалып сотталып жазаланса, екіншісінде 11 адам Ақкөл ауылында атылған. 

 

 

 


Похожие материалы

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: География | Добавил: Admin (27.03.2015)
Просмотров: 373 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]