Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Суббота, 3.12.2016
Главная » Статьи » Презентация на казахском языке » География

Ақтөбе облысы слайд,презентация


Оқушылар,студенттер,мұғалімдер,сайт қолданушылары өз материалыңызбен бөліссеңіз қуанышты болатын едік!

Ақтөбе облысы слайд,презентация

 

 

 

         Ақтөбе облысы қазіргі уақыттағы шекарасы бойынша 1932 жылдың 10 наурызында құрылған. Ақтөбе облысының аумағы 300,6 мың км2 құрайды (Қазақтан Республикасы аумағының 11%, аумағы бойынша Қарағанды облысынан кейінгі екінші орында). Аймақ Қазақстан Республикасының солтүстік-батыс бөлігінде орналасқан:
батысында – Батыс Қазақстан, Атырау, Маңғыстау облыстарымен;
шығысында – Қостанай,Қарағанды, Қызылорда облыстарымен;
солтүстігінде – Ресей Федерациясының Орынбор облысымен;
оңтүстігінде – Өзбекстан Республикасының Қарақалпақстан автономиясымен шекараласады.
       Облыс орталығы – Ақтөбе қ. Қала 1869 жылы Қарғалы және Елек өзендері салаларының қосылған жерінде төбе баурайында орналасқан («ақ төбе» деген атауы да осыдан). 2010 жылдың 1 қаңтарындағы деректері бойынша Ақтөбе облысының халық саны 719,5 мың адамды құрайды. 


Орналасқан жердің рельефі – жазықтық, аумақтың көп бөлігі қыратты-ойлы жазықтық болып келеді. Солтүстігінде Орал тауларының жалғасы орналасқан. Ортасында Мұғалжар таулары (657 м) созылып жатыр. Батыс жағында  солтүстік-батыстағы Каспий маңы ойпатына өтетін Орал тауасты үстірті  орналасқан. Оңтүстік-шығысында – дөңесті құм алаптары: Арал маңының Қарақұмы, Үлкен Борсық  пен Кіші Борсық. Солтүстік-шығысында – Торғай үстірті. 
Облыста жапырақты және қайың тоғайлары, бұталар мен сексеуілді өсімдік толы орман жазықтықтары, солтүстікте кең ақселеу және жусанды дала кеңістіктері, оңтүстігінде шөлейтті және шөл далалары бар. 

 


Похожие материалы

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: География | Добавил: Admin (06.02.2015)
Просмотров: 463 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]