Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Воскресенье, 4.12.2016
Главная » Статьи » Презентация на казахском языке » Әдебиет

Сайын Мұратбеков өмірбаяны слайд,презентация


Оқушылар,студенттер,мұғалімдер,сайт қолданушылары өз материалыңызбен бөліссеңіз қуанышты болатын едік!

Сайын Мұратбеков өмірбаяны слайд,презентация 

 

 

Жазушының алғашқы шығармалары 50-жылдардың аяғында жариялана бастаған. Содан бергі уақытта әңгімелері мен повестерінің «Менің қарындасым» (1961), «Ауыл оты» (1964), «Көкорай» (1967), «Отау үй» (1968), «Жабайы алма» (1972), «Дос іздеп жүрмін» (1973) жинақтары, таңдамалы шығармаларының бір томдығы (1981), 1986 және 1991 жж. екі томдығы, 2004 жылы «Ескек жел» атты әңгімелер жинағы жарық көрген. 1989 жылы «Қалың қар», 1995 жылы «Өліара» повестері кітап боп шықты. Алматы баспаларынан орыс тілінде «Дом молодых», «Камен тугай», «Дикая яблоня», т.б. кітаптары, Мәскеу баспаларынан әр жылдары жарық көрген «Дикая яблоня», «На вершине Учкары», «Запах полыни», «У теплого родника», т.б. кітаптары, Ташкентте өзбек тілінде «Евшан иісі», Қазанда татар тілінде «Әрем иісі», украин, белорус, грузин, армян, әзербайжан, литва, т.б. туыстас халықтар тілдерінде әңгіме, повестері, араб тілінде «Жусан иісі» повестері мен әңгімелері жеке кітап болып шықты.
Сайынмен алғаш танысқаным 1953 жылы. Үйде ұн бітіп қалды да, анам «өзім барып сұрамасам, сендерді баласынып бермес» деп өзі кеткен. Сәлден кейін есіктің алдына шана тоқтады. Шықсам, бір бейтаныс жігіт екі қап ұн әкеліпті. Ұнды түсірісіп жіберді де:
– Танысып қояйық. Менің атым Сайын. Сенің ше? – деп сұрады. Мен атымды айттым. Содан бастап көрген жерде амандасып жүрдік. Оқу бітіріп келіп, ауылдың емханасына жұмысқа тұрдым. Сайынның анасы сол жерде акушер екен. Білмегенім болса, сол кісіден сұраймын. Бір жолы Сайын баспа (ангина) болып, бір апта ауруханаға жатты. Ауруханадан шыққасын бірер күннен соң келіп тұр.
– Не болды, тағы ауырып қалдың ба? – деймін.
– Жоқ. Студенттермен күзгі жұмысқа Қостанайға кетіп барам. Қоштасуға келдім, – дейді.
– Жақсы, жолың болсын. Енді ауырма, – десем, күлімсіреп:
– Мен келгенше күт, – деді.
– Түсінбедім, – деймін мен.
– Сен маған көп аурулардың бірі деп қана қарайсың ба? Менің көңілім басқа, мені түсінші, – деп қарап тұр.
Ертесіне анасы келіп:
– Әрең кетті. Маған ол қыз ұнайды. Қарап жүріңізші, – деп өтінді деп күледі. Он шақты күннен кейін Сайын жұмыстан оралды. Үйге келсем, анам:
– Сайынның әкесі келіп, құда болайық деді. Рұқсат берсең 3-4 күнде келіп айттырайық, – деп кетті. Сен ол балаға қалай қарайсың? Өзінің жазатыны бар. Журналист болам деп жүр. Сендерді мен жалғыз бағып жүрмін. Қалай болар екен?» – деп сөзін бітірді. Нағашымның қолында өскендіктен, шешемді тәте дейтінмін.
– Басқасы ұнамайды, тәте. Бұйырғаны болар, – дедім де қойдым. Сол жылы үйлендік.

 

 


Похожие материалы

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: Әдебиет | Добавил: Admin (11.03.2015)
Просмотров: 2002 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]