Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Понедельник, 5.12.2016
Главная » Статьи » Презентация на казахском языке » Әдебиет

Сәлбен слайд,презентация


Оқушылар,студенттер,мұғалімдер,сайт қолданушылары өз материалыңызбен бөліссеңіз қуанышты болатын едік!

Сәлбен слайд,презентация

 

 

 


Дәрілік шалфей – бұл өсімдік жартылай бұта,биіктігі 50 см,өсімдікті қалың түктер басқаннан кейін, сабағы да, жапырағы да бозғылт –жасыл түсті болады. Сабақтары бұтақталған,төрт қырлы, олар төменгі жағынан сүректелген. Жапырақтары ұзын 5-10см, сағақты, сопақша келген, сабақтарында қарама-қарсы орналасқан, жапырақтың жиектері, аздап дөңес тісті болады.

Жапырақтың түсі бозғылт-жасыл(үлкен жапырақтары), ал ұсақ жапырақтары ақ түсті болады.Өйткені жапырақтарын қалың түк басқан, әсіресе, астыңғы жағынан. Дәрілік өсімдік шикізаты түрлі формалы немесе бүтін жапырақтар немесе бөлшектері 1-35мм дейін, өсімдіктің басқа бөліктері аздап кездеседі (сабағы, гүлдері тостағаншасымен бірге және онсыз).

Медицинада қолданылуы:бактерицидтік және түрлі қабынуға қарсы пайдалынады.Жоғарғы тыныс алу жүйесінің жолдары қабынғанда және ауыз уылғанда (стоматит) тамақты және ауызды шаю үшін қолданылады, эфир майы не ұнтақтары ароматизациялау үшін де қолданылады. Сонымен қатар АІЖ ауруларында, аллергияға, гинекологиялық ауруларға, балаларда қабыну ауруларына қарсы қолданылады.

Препараттар: шалфей жапырағынан дайындалған тұндырмалары; тұнбалары; жапырақтарынан алынатын қойытылған бөлінді – «Сальвин» препараты; 1% спиртті ерітіндісі және көптеген жинақтар құрамына кіреді.
биіктігі 70-120 см, көп жылдық шөп тектес өсімдік. Сабағы түзу, төрт қырлы, сыртын түгелдей түк басқан, бұтақшалары көп.

Жапырақтары – ақшыл-көк түсті, бір-біріне қарама-қарсы орналасқан, сағақтары – ұзын, пішіні сопақша келген, жұмыртқа тәріздес. Жапырақтарынан лимон иісіндей иіс шығып тұрады, дәмі ащылау болады. Гүлдері майда, 6-10-ы жиналып, сабақтың ұш жағына шоғырланған. Гүл тостағаншасы түтікше тәріздес, 5-6 қалақшасы бар. Өсімдік шілде-тамыз айында гүлдейді. Гүлінен де лимон иісі шығады.

Жапырақтарда, гүлінде лимонның иісі болғандықтан алық мұны лимон шөбі, лимондық мелисса деп те атай береді.

 

 

 


Похожие материалы

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: Әдебиет | Добавил: Admin (17.04.2015)
Просмотров: 445 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]