Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Четверг, 8.12.2016
Главная » Статьи » Презентация на казахском языке » Әдебиет

Протопластарды будандастыру слайд,презентация


Оқушылар,студенттер,мұғалімдер,сайт қолданушылары өз материалыңызбен бөліссеңіз қуанышты болатын едік!

Протопластарды будандастыру слайд,презентация

 

 


(транспозондар, “секіргіш”, “көшпелі ” гендер ) ДНҚ құрамында болатын және өзіндік құрылымы мен генетикалық қасиеттері жағынан ерекшеліктері бар нуклеотид тізбектерінде орналасқан гендер тобы, олардың клетка геномында орын ауыстыруға қабілеті өте мол. Жүгері дәндерінің түрлі түсті болуының генетикалық негіздерін зерттеп тәжірибелер жүргізу нәтижесінде транспозондарды 1951 жылы алғашқы ашқан Барбара Мак-Клинток. 1983 жылы Нобель сыйлығын алды. Ол бұларды реттеуші элементтер деп атады. 

 ЖГЭ-дің басты қасиеті  хромасоманың бір бөлігінен екінші бөлігіне, тіпті бір хромасомадан екінші хромасомаға орын ауыстыра алады (транспозицияланады).  
 ЖГЭ қасындағы көршілес гендердің экспрессиясын реттейді. Олардың хромасомада белгілі тиянақты орны болмайды. Геномның әр жерінен ажырап шығып, басқа қандай болса сондай, кездейсоқ жерінде тіркесе береді. Олар ажыраған соң жанындағы бұрын жұмыс істемей тұрған гендер активтенеді.
 Экспрессияны өзгертеді. Егер ол экзонның немесе интронның құрамына енсе, онда мұндай мутацияның нәтижесінде қалыпты белок синтезі өзгеруі мүмкін. 

Жылжымалы генетикалық элементтерді секіргіш немесе көшпелі гендер деп атайды. Себебі олар клетка геномында орын ауыстыруға қабілеті өте мол. Қазіргі уақытта жылжымалы генетикалық элементтердің көптеген прокариоттық және эукариоттық организмдерде болатындығы анықталған. Жылжымалы генетикалық элементтер көршілес тұрған гендердің жұмысын реттейді, оларды активтендіріп немесе инактивтендіреді. Олардың қатысымен қажетті геннің экспрессиясын бақылауға болады. Жылжымалы генетикалық элементтер өздерінің қасиеттерінің арқасында  молекулалық биология мен гендік инженерияда кеңінен пайдаланылады. Жылжымалы генетикалық элементтердің адамдарға зияны олардың мутацияларды тудыру қабілетінде. Олар клеткада көптеген тұқым қуалайтын өзгерістер туғызады, себебі инсерциялық мутагенезді қоздырады. ЖГЭ өздерінің орнын өзгертуі ( транспозиция ) арқасында клетканың генетикалық тұрақсыздығына, мутагенезге түрткі болады. 

Трансформация (көне лат. transformatіo – айналу), генетикада – оқшауланған дезоксирибонуклеин қышқылының көмегімен генетикалық ақпаратты қандай да бір жасушаға ендіру процесі. Трансформация нәтижесінде генетикалық ақпарат Трансформацияланған жасушада және сол жасушадан тараған ұрпақ жасушаларда жаңа белгілер пайда болады. Трансформация құбылысын 1928 жылы ағылшын ғалымы Ф.Гриффит (1877 – 1941) ашқан. Ол пневмококк бактериясының (Streptococcus pneumonіae) екі штаммында Трансформация процесін зерттеді. 

 

 


Похожие материалы

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: Әдебиет | Добавил: Admin (19.02.2015)
Просмотров: 438 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]