Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Суббота, 3.12.2016
Главная » Статьи » Презентация на казахском языке » Әдебиет

Міржақып Дулатов Бақытсыз Жамал романы слайд,презентация


Оқушылар,студенттер,мұғалімдер,сайт қолданушылары өз материалыңызбен бөліссеңіз қуанышты болатын едік!

Міржақып Дулатов Бақытсыз Жамал романы слайд,презентация

 

 

А) Міржақып Дулатовтың өмір жолы,  қоғамдық қызметі: Ұлтына  «Оян қазақ!» деп  ұран  салған қайраткер қазіргі  Қостанай облысы, Жанкелдин  ауданында дүниеге  келген. 1897ж екі  сыныптқ  орыс-қазақ  мектебіне  оқуға  түседі. 1905ж Қарқаралыда патшаның  ортарлау  саясатына  қарсы  ереуілді  көреді. «Серке» газетінің бірінші  санына  «Жастарға» деген  өлеңін жариялайды. Екінші  санында  басылған «Біздің  мақсатымыз» мақаласы «Қазақ халқын жергілікті  және  отарлық  өкіметке  қарсы  қою» рухында  жазылған деп  бағаланады. Қазақ халқының  жаңа  өмір құруы ісіне  араласып жүрген  кезінде елімізде  демократиялық   принциптердің бұзылуы  тұсында жазықсыз жазаға  тартылады. 1928ж қазақстанда  ірі байларды  тәркілеу  тұсында «соларға  іш тартты,  саясатты  қолдамады» деген  айып  тағылып түрмеге жабылады. Балтық теңізіндегі Соловки тұтқын лагеріне  жер  аударылып, сол жерде  1935ж қайтыс  болады. Ә)Шығармалары:  «Қазақ жерлері», «Шәкірт», «Таза бұлақ» өлеңдерінде ақын өзінің  азаттық,  еркіндік идеяларын дамыта  түскен.  М.  Дулатовтың даңқын  қазақ даласына ғана  емес, Ресейдегі  түрік  әлеміне тұтас жайған «Оян, қазақ!» кітабы. Бұл шығармасы 1909ж Уфа қаласында  шығып, 1911ж  Орынборда екінші  рет  басылды. Бұл- қазақ  әдебиеті  тарихындағы  көп  қудаланған шығармалардың бірі. Б) «Бақытсыз Жамал» романы – қазақ  әдебиеті  тарихындағы  тұңғыш роман. Бұл – ұлттық  әдебиетте роман деген  атпен  басылған тұңғыш  кітап. "Бақытсыз Жамал" романының оқиғасына арқау болған мәселе де ескі әдет- ғұрыптың қыспағына түскен қазақ қызының тағдыры. Сүйгеніне қосылып, бақытты өмір сүруді армандаған бойжеткеннің трагедиялық жолы. Шығарма сол кезеңдегі қазақ даласының шынайы тыныс-тіршілігін көрсететін эпизодтан басталады. … Жайлауға жаңа көшіп қонған ауыл. Саумалкөл маңына жағалай тігілген киіз үйлер. Бие байлап, қымыз сапырған жайма-шуақ ауыл адамдары. Қыстай араласа алмай, сағынысқан жұрт енді бірін-бірі қонаққа шақырып мәз.

 

 


Похожие материалы

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: Әдебиет | Добавил: Admin (19.02.2015)
Просмотров: 1321 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]