Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Суббота, 3.12.2016
Главная » Статьи » Презентация на казахском языке » Әдебиет

Махамбет ақын өлеңінің текстологиясы слайд,презентация


Оқушылар,студенттер,мұғалімдер,сайт қолданушылары өз материалыңызбен бөліссеңіз қуанышты болатын едік!

Махамбет ақын өлеңінің текстологиясы слайд,презентация

 

 

 

Махамбет Өтемісұлы -1804 жылы, Ішкі Бөкей Ордасы, қазіргі Батыс Қазақстан облысының Жәнібек ауданының  Нарын құмының, Жанқұс деген жерінде туған.
Қазақтың әйгілі ақыны
Күйші композиторы
1836—1838 жылдары Исатай Тайманұлы бастаған шаруалар кетерілісінің  жалынды жыршысы, қозғалысты ұйымдастырушылардың бірі.
Орыс, татар, араб тілдерін тәуір меңгерген.
Махамбет өзінің барша болмыс қасиеттерімен көшпелілер арасындағы көсем тұлғалардың бірі. Ол өзі туып өскен өңірдің Қамбар батыр, Ер Тарғын, Сыпыра жырау, Асанқайғы, Қазтуған, Шалкиіз,
   Жиемет, Доспамбет сияқты біртуар тұлғаларының өлмес мұраларын көкірегіне тоқып өсті. Өзі өмір сүрген заманның ағымына жүйрік, қыр сырын жетік меңгерген, көзі ашық, көкірегі ояу, білімді адам болған.
Махамбет шығармалары - бұқара өмірінің рухани-поэтикалық шежіресі, шаруалар қозғалысының шынайы бейнесі. Ол жыраулық поэзияның көркемдік әлемін байытып, шығармаларында ұлт-азаттық идеяларын көтерді, елдікті сақтап қалуға тақырлы. «Мұнар күн» жырында ол ел басына түскен ауыртпалықты ашына айтты. «Ереуіл атқа ер салмай», «Ұлы арман», «Жайықтың бойы көк шалғын», «Атадан туған ардақты ер» жырларында ақын алдағы күндеріне үмітпен, зор сеніммен қарады. «Біртіндеп садақ асынбай», «Арғымақ, сені сақтадым», «Арғымақтың баласы», «Азамат ердің баласы», «Қара нар керек біздің бұл іске», «Еменнің түбі - сары бал», «Жалған дүние», «Еріскедей ер болса», т.б. шығармаларында ұлт-азаттық қозғалыс рухы, ел тағдыры мен арман-мүддесі терең әрі шынайы суреттелген. «Халық қозғалса, хан тұрмайды тағында» дейді ол отты жырларында. Ақын өлеңдерінің басты қаһарманы Исатай батыр. «Исатай деген ағам бар», «Исатай сөзі», «Арғымаққа оқ тиді», «Тарланым», «Соғыс», т.б. өлеңдерінде Исатай батырдың көркем тұлғасы, адамгершілік, қайсарлық, тапқырлық қасиеттері жан-жақты сипатталды. Оның «Жәңгірге», «Баймағамбет сұлтанға» арнаған 106 өлеңдері патшаның жергілікті билеуші өкілдері - хан-сұлтандарға қарсы жазылған, олардың бет пердесін ашатын жырлар болды. Ақын өлеңдерін дәстүрлі үлгіге негіздей отырып, түр, мазмұн жағынан байыта, жетілдіре түсті. Махамбеттің лирикалық өлеңдері, көбіне, толғау, жыр,терме үлгісінде жазылды.
Ал, үшінші басылымы "Ерулі атқа ер салмай" деген атпен 1974 жылы, содан соң 1979 
жылы "Жыр - семсер" деген атпен "Жазушы" баспасынан қайта жарық көрді. Бұл екі 
жинақты да: "Баспаға әзірлеген, кіріспе мақала мен түсініктерін жазған, библиографиясын 
құрастырған Берқайыр Аманшин". Сөйтіп, Махамбет өлеңдері жеке жинақ кітап ретінде 
1925 жылдан бастап сегіз рет басылып шығыпты. 

Ақын шығармашылығының екінші басылымы: "Махамбет Өтемісов. Махамбет, Өлеңдер". 
— деп аталып, 1939 жылы шықты. ("Өлендерін жинаған және сөз басын жазған Хажым 
Жұмалиев". Қазақстан Көркем әдебиет баспасы, Алматы, 1939 жыл). Осыдан кейін 
профессор Х.Жұмалиевтің редакциясымен ақынның шығармалар жинағы бірнеше рет 
(1948, 1951 жөне 1962 жыл) басылып шықты. 

 


Похожие материалы

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: Әдебиет | Добавил: Admin (07.03.2015)
Просмотров: 414 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]