Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Понедельник, 5.12.2016
Главная » Статьи » Презентация на казахском языке » Әдебиет

Майлықожа Сұлтанқожаұлы слайд,презентация


Оқушылар,студенттер,мұғалімдер,сайт қолданушылары өз материалыңызбен бөліссеңіз қуанышты болатын едік!

Майлықожа  Сұлтанқожаұлы  слайд,презентация

 

 

 

 

Майлықожа Сұлтанқожаұлы (1835, қазіргі Отырар ауданы Қожатоғай ауылы – 1898, Бөген ауданы Бадам ауылы) — халық ақыны. 1835 ж. Оңтүстік Қазақстан облысы, осы күнгі Отырар ауданы «Қожатоғай» бұрынғы аты «Қосжарсуат» деген жерде дүниеге келді. Ауыл молдасынан сауат ашып, ескіше хат таныған. Майлықожа өлеңдерін ауызша да, жазбаша да шығарған.

Ауыл молласынан сауат ашып, ескіше хат таныған. 14 жасында әкесiнен айырылған ақын тағдыр тауқыметiн көп көрiп, терме-толғаулар шығарып айтыс өнерiне бет бұрады. Ұлдары Асан, Жолбарыс, Исабек әке жолын қуған сөз шеберi апайтөс ақындар болып өмiрден өткен. 
         Майлықожа Сұлтанқожаұлы XIX ғасырда өмір сүрген ақын-жыраулардың ішінде өзіндік орны ерекше, артына мол мұра қалдырып, халықтың ықыласына бөленген ақын. Атақты Жамбыл ақынның өзі оның ақындығына, ғибраты мол өлең-термелеріне «Майлықожа, Сүйінбай, пірім еді сиынған» деп бағасын да беріп кеткен. 

 «19-ғасырдағы қазақ ақындары», «Айтыстар» жыйнақтарында ішінара ақынның өлеңдері беріліп келді. 1972-жылы ғалым Ә. Оспанұлының ерен еңбегінің арқасында «Нақыл» деген алақандай жыйнағы жарық көрді. Ел егемендік алған соң 1993-жылы ақынның Әсекеңнің қолынан: «Дүние-ай», «Нақылият», «Өсиет», «Қара сөздер», «Әмір Әмзе», «Әбділла бала» атты кітаптары, 2005-жылы 860-беттік «Майлықожа атты жыйнақ шықты. 2009-жылы ақынның тұғанына 175-жылдығы қарсаңында Түркістан қаласындағы Қ.А. Йасауий атындағы халықаралық Қазақ-Түрік Университетінде «Қазақ әдебиетіндедегі кітаби ақындар дәстүрі» атты халықаралық ғылыми-теориялық конференция болып өтті. Конференция қарсаңында ақынның жаңа табылған өлеңдері «Майлықожа» деген атпен кітап болып басылып шықты. Конференция еңбектері өз алдына бір кітап болып жарық көрді 2010-жылы 9-желтоқсанда Астана қаласында, Қазақстан Республикасы президентінің мәдениет орталығында ақынның туылғанына 175-жылдығы құрметіне «терме» кеші өтті. Терме кеші құрметіне ақынның «Терме-толғау» атты кітабы шығарылды. 1898-жылы Бадам станциясынан сәл жоғары Қара бастау деген жерде дүниеден өткен.
Майлықожаның әдебиет мұрасын жанры мен мазмұнына қарай төрт тақырыпқа бөлуге болады:
ғибрат, нақылдар («Ер көгерер дұғамен», «Жолдас болсаң жақсымен», «Жақсы адам қартайса»);
арнау өлеңдер («Ахмет төреге», «Тұрлыбекке», т.б.) дастан, мысалдар («Қасқыр», «Тотынама», «Аңқау мен қу», т.б.);
айтыстар (Құлыншақ, Мәделі Жүсіпқожаұлы, Күдеріқожа, Сүйінбай, Ұлбике, т.б. ақындармен).
Ақынның бір топ өлеңі Түркістан семинариясының оқытушысы Я.Я. Лютштің құрастыруымен Ташкентте басылып шыққан «Қырғыз хрестоматиясы» кітабына енген. Майлықожа ауыз әдебиетін жақсы білген. Ол фольклоршы Ә.Диваевқа мол материал берген. Біраз өлеңдері
«Үш ғасыр жырлайды» (1964)
«Бес ғасыр жырлайды» (1964)
а сипаттармен дамуда. Олар айтыс, беташар, жар-жар және т.б. [14]

Майлықожа ақынның Сүйiнбай, Мәделқожа Жүсіпқожаұлы, Құлыншақ Күдеріқожа, , Айман-Гүлханым, Ұлбике, қырғыз ақыны Жаныстармен сөз сайыстыруы ақын атамыздың терең ойлы шындықты ту еткен бiлiмдi шайыр екенiне көз жеткiземiз. 
Мысалы, замандасы Құлыншақ ақынның: 
«Майлы, Майлы дегенмен май болмадың, 
Жұрттан алып жегенмен бай болмадың» - дегенiне лезде сөз тауып: 
Сен Құлыншақ болғалы талай болды. 
Не құлын, не жабағы тай болмадың. 
Немесе Гүлханым арудың: 
Кедейсiң қызды жылқысы көп бай алады-деген әзiлiне: 
Бибiмiз тегiн қызды күндемейдi, 
Алдың деп мұны қайдан үндемейдi. 
Батыр бiр оқ, бай бiр жұрт бәрi бекер, 
Дүниенiң байлығы тiлде дейдi, - деп орнықты, ойлы жауап бердi. 
Қырғыздың Асыл деген байының тойында қазақ ақындары бет қаратпаған Жанысты тарих жолымен жiпсiз байлап: 
Молдалар кiтап оқып мән айтады. 
Бiлмесе бекер сөздi неге айтады. 
«Қыс-асыл әмбиенiң» кiтабында

 


Похожие материалы

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: Әдебиет | Добавил: Admin (07.03.2015)
Просмотров: 2994 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]