Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Понедельник, 5.12.2016
Главная » Статьи » Презентация на казахском языке » Әдебиет

Мағжан Жұмабаевтың өмірі мен шығармашылығы слайд,презентация


Оқушылар,студенттер,мұғалімдер,сайт қолданушылары өз материалыңызбен бөліссеңіз қуанышты болатын едік!

Мағжан Жұмабаевтың өмірі мен шығармашылығы слайд,презентация

 

 

 

«Өлеңнің тілге жеңіл, құлаққа жылы тиюін Абай да іздеген. Абай да сөздің ішін мәнерлеп, тонын сұлу қылуға тырысқан, бірақ дыбыспен сурет жасауда, сөздің сыртқы түрін әдемілеуде Мағжанға жеткен қазақ ақыны жоқ... Олай болса, ақындық жүзінде Абайдан соңғы әдебиетке жаңа түр кіргізіп, соңына шәкірт ерткен, мектеп ашқан күшті ақын Мағжан екенінде дау жоқ», - деп жазады Жүсіпбек Аймауытов өзінің 1923 жылғы «Мағжанның ақындығы туралы» деген мақаласында. 
     Ауыл мұғалімінен хат танып, сауат ашқан Мағжан 1905 жылы Қызылжардағы медресеге оқуға түсіп, оны жақсы үлгеріммен аяқтайды. Бірақ бұл оқу білсем, көрсем деп ілгері ұмтылған жас талапты онша қанағаттандырмайды.
Ол оқу іздеп Уфаға аттанады. Сонда өзінің білім беру дәрежесінен Жоғары діни оқу орнымен пара пар Медресе Ғалияға оқуға түседі. Медреседе оқып жүргенде, осында оқытушы болып істейтін, татардың белгілі жазушысы Ғалымжан Ибрагимовтың назарына ілігеді.
Болашақ ақынның зор дарынын таныған Ғалымжан Мағжанды қамқорлығына алып, оған көп жәрдем көрсетеді. Соның көмегімен Қазан қаласында Мағжанның «Шолпан» атты тұңғыш жинағы жарық көреді, соның ақыл-кеңесімен Омбыдағы мұғалімдер семинариясына түседі.

Жаңа заман рухы бойын билеген, тырнақалды «Шолпан» (1912 ж., Қазан) кітабы шыққан асау жүрек, жас сұңқар орысша білім алуға ерекше талаптанып, 1913 ж. Омбы қаласына келіп, семинарияға түседі де, оны 1916 ж. бітіріп шығады. Бұдан кейін ел өміріндегі ұлы оқиғалар жас азаматты көгала толқынана тартып әкетеді.

 

 

 


Похожие материалы

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: Әдебиет | Добавил: Admin (10.04.2015)
Просмотров: 1238 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]