Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Воскресенье, 4.12.2016
Главная » Статьи » Презентация на казахском языке » Әдебиет

Мұхтар Әуезовтің Қараш-Қараш оқиғасы хикаяты слайд,презентация


Оқушылар,студенттер,мұғалімдер,сайт қолданушылары өз материалыңызбен бөліссеңіз қуанышты болатын едік!

Мұхтар Әуезовтің Қараш-Қараш оқиғасы хикаяты слайд,презентация

 

 

а) Білімділік: М. Әуезовтың жазушы, драмашы, көсемсөз шебері, зерттеуші, қоғам қайраткері, академик екенін таныту, хикаяттың мазмұнын ұғындыру арқылы Бақтығұлдың іс әрекеттеріне екі түрлі көзқараста баға беру;
ә) Дамытушылық: Хикаятты түсініп оқуға, сөз астарына үңіліп, мағынаны түсінуге, сын тұрғысынан ойлап, өз пікірін қорғай білуге дағдыландыру;
б) Тәрбиелік: ақыл-ой, адамгершілік тәрбиесін беру, имандылыққа, әдептілікке тәрбиелеу;
Сабақтың түрі: Жаңа білімді меңгерту
Сабақтың әдісі: СТО(болжау, топтастыру, ЖИГСО-2, кейіпкерге хат, түртіп алу, топпен жұмыс, сөздікпен жұмыс, семантикалық карта)
Сабақтың көрнекілігі: М. Әуезовтың портреті, шығармалары, интербелсенді тақта, «Абай жолы» роман-эпопеясы, сызбалар, жазушылардың пікірлері.
Н. Погодин «Қазақстан үшін Әуезов – екінші Абай»
Ғ. Мүсірепов «Абай жолы» романын неше рет қайталап оқысаң, сонша әрдайым жаңа бір ой, жаңа бір көркемдік, бұрын оқығанда байұалмай кеткен тереңдік табам»
 «Еңлік-Кебек» (1922, Орынбор), «Қаргөз»(1926),
«Октябрь үшін» (1933), «Айман – Шолпан» (1934,1936), Қарқыпшақ Қобыланды», « Бекет», «Түнгі сарын»(1934), «Тартыс»(1934), «Тастүлек»(1935), «Абай»,т.б.
Романы: «Абай жолы»
Аудармалары: Шекспир «Отелло», «Асауға тұсау», Гоголь «Ревизор», Погодин «Ақсүйектер», Тренев «Любов Яровая»,
Тургенев «Дворян ұясы»
Әңгімелері: «Бүркітші», «Қорғансыздың күні», «Қаралы сұлу», «Өскен өркен», «Көксерек»,т.б.
Зерттеуі: Қырғыз эпосы «Манасты» терең зерттеп, монографиялық еңбек жазған.
Мақалалары: «Қазақтың өзгеше мінездері» (Ташкент, «Алаш» газеті), «Адамның негізі – әйел»(Семей, «Сарыарқа» газеті)
 Сөздікпен жұмыс
Мес – қымыз, т.с.с. басқа да сұйық заттар сақтау үшін, бітеу сойылған ешкі терісінен жасалатын ыдыс.
Малта – құрттың езуден қалған қалдығы.
Кек – жауға деген өшпенділік.
Зорлық – қиянат, зәбір көрсету, жала.
Барымта – кектеніп жауласқан екі рудың бірінің-бірі мал-мүлкін күшпен тартып алуы.

 

 

 


Похожие материалы

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: Әдебиет | Добавил: Admin (19.02.2015)
Просмотров: 407 | Теги: Мұхтар Әуезовтің Қараш-Қараш оқиғас, презентация, Мұхтар Әуезов, Қараш-Қараш оқиғасы, Мұхтар Әуезов слайд, әдебиет, слайд | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]