Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Понедельник, 5.12.2016
Главная » Статьи » Презентация на казахском языке » Әдебиет

Мұхтар Әуезов слайд,презентация


Оқушылар,студенттер,мұғалімдер,сайт қолданушылары өз материалыңызбен бөліссеңіз қуанышты болатын едік!

Мұхтар Әуезов слайд,презентация

 

 

 

ХХ ғасырдағы қазақ әдебиетінің ең биік тұлғасы - Мұхтар Омарханұлы Әуезов.
 Ол – қазақ әдебиетіндегі алғашқы роман-эпопеяның авторы қазақ әдебиетінің өркендеуіне үлес қосқан ұлы тұлға.
Мұхтар Әуезов 1897 жылы 28 қыркүйекте қазіргі Семей облысының Абай ауданында дүниеге келген. Оның атасы Әуез Абаймен замандас болған. Мұхтар атасы Әуездің тәрбиесінде өскен. Атасы Мұхтарға Абайдың қолжазба өлеңдерін оқытып, жаттатып отырған. Бұл болашақ жазушының әдебиетке құштарлығын оятқан.
Мұхтар Әузовтің “Абай жолы” роман-эпопеясы  - әлемдік сөз өеріне қосылған асыл мұра. Роман-эпопея Абай жайлы болғанымен, ол бүкіл қазақ қоғамының жарты ғасырлық даму жолымен бірлікте алынып көрсетіледі.
Төрт томдық эпопеясының әр тарауы Абай өмірінің әр кезеңін суреттейді.
БІРІНШІ КІТАП – бала Абай, жас Абайдың адамдық, адамгершілік, ақындық негізінің қалауын ашады.

ЕКІНШІ КІТАП – біз ақын Абайды, бүкіл поэзиясынан адамгершілік рухын себуге арналған азамат Абайды танимыз. Ұлы ақын өзінің адамгершілік және ағартушылық идеяларын халқына өнеге етіп шашады.

ҮШІНШІ, ТӨРТІНШІ КІТАПТАРДАН қоршаған ортаның келеңсіздігімен, адамдықты алға қойған ұлы мұратына кедергі келтірмек болған дұшпандарымен күрескен қайраткер, ақын, дана Абайды танимыз. Абай – дәуір тұлғасы, оның өмір жолы – дәуір айнасы. 

 


Похожие материалы

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: Әдебиет | Добавил: Admin (10.03.2015)
Просмотров: 1347 | Теги: презентация, Мұхтар Әуезов, Мұхтар Әуезов слайд, әдебиет, слайд | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]