Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Суббота, 10.12.2016
Главная » Статьи » Презентация на казахском языке » Әдебиет

Мұхтар Әуезов Көксерек слайд,презентация


Оқушылар,студенттер,мұғалімдер,сайт қолданушылары өз материалыңызбен бөліссеңіз қуанышты болатын едік!

Мұхтар Әуезов Көксерек слайд,презентация

 

 

Сабақтың тақырыбы:  Қасқыр – табиғат – адам 
Сабақтың мақсаты:
Білімділік:        Әңгіме мазмұнын меңгерте отырып, ондағы берілген өзекті ойды анықтау.
2.Дамытушылық:    Жазушының аң мен адам арасындағы 
              тартысын суреттеуі арқылы тіршілік үшін күрестің      өте күрделі де қиын әрекет екенін  дәлелдеу. Өз пікірлерін қорғауға дағдыландыру.
3.Тәрбиелік:       Табиғатты суюге, оны қорғауға баулу. Жақсылыққа, ізгілікке тәрбиелеу.
Сабақ түрі: сот сабағы
Әдісі: сұрақ-жауап, талдау, пікірлесу
Көрнекілігі: слайдтар, интерактивті тақта, тірек-сызбалар
Барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі
а/амандасу    ә/түгендеу       б/сот сабағына дайындалып келу
2.Негізгі бөлім
Шығарманың идеясы:
Күллі тіршілік атаулының құтты қоныс мекені, 
алтын ұясы, талбесігі - табиғатты аялау.
3. Үй тапсырмасы: Шығарманың шығу тарихымен танысу.
Қасқырлар өмірі туралы хабарлама жазу.
«Қасқыр неге ұлиды?» 
(ертегі не әңгіме жазу)
4. Бағалау. 
Табиғатты қорғау заңы
    Жер – біздің ортақ үйіміз. Оның бетіндегі тіршілік
иелері – біздің бауырларымыз. Біз олар үшін жауаптымыз. Ол үшін: Ауаны ластамау керек, құбырлардан шығатын түтінге шектеу қою керек. Өлекселерді қаладан шығарып, лақтырып тастамай, жерге көму жөн. Өсімдіктерді жұлмау керек. Қайта олардың өсуіне жағдай жасау керек. 
Тал егу, гүл өсіруді көбейту.
Құзғындар мен жыртқыш аңдарды өлтіре бермеу керек. 
Техниканы бір күнге тоқтатып алу жөн болады.
Өзендер мен көлдерді, теңіздер мен мұхитты мұнай қалдықтарынан тазартып, 
балықтар мен жәндіктердің өмір сүруіне көмектесу керек.
Қызыл кітапқа енген аң мен құсты, өсімдік пен жәндіктерге тимеу керек. Бұлақтардың көзін ашқан жөн. 
Табиғатты қорғауға жердің әр тұрғыны міндетті. 

 

 

 


Похожие материалы

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: Әдебиет | Добавил: Admin (19.02.2015)
Просмотров: 942 | Теги: Көксерек әңгімесі, презентация, слайд, Мұхтар Әуезов, Мұхтар Әуезов слайд, әдебиет, Көксерек, Мұхтар Әуезов Көксерек | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]