Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Вторник, 6.12.2016
Главная » Статьи » Презентация на казахском языке » Әдебиет

Мұхтар Әуезов туралы слайд,презентация


Оқушылар,студенттер,мұғалімдер,сайт қолданушылары өз материалыңызбен бөліссеңіз қуанышты болатын едік!

Мұхтар Әуезов туралы слайд,презентация

 

 

 


Мұхтар Омарханұлы Әуезов – Ұлы жазушы, қоғам қайраткері, ғұлама ғалым, Қазақстан Ғылым академиясының академигі (1946), филология ғылымдарының докторы, профессор (1946), Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген ғылым қайраткері (1957).

Мұхтар Әуезовтің балалар әдебиетінде де өзіндік орны бар. Осы орайда алдымен суреткердің балалар әдебиеті ерекшелігі хақында пікір айтқанын атап айту керек. Мәселен, «Ертегілер» еңбегінде халықтық шығармалардың қайсысы балалар әдебиетіне жақын екендігін айқындап береді. «Ұлы ұстаз ертегілердің тәрбиелік мәнін терең ашып,  «Адамдағы кемдікті, мінді бадырайтып, ұлғайтып, жиренішті етіп көрсету үшін, хайуанның мінез-құлқын дәл адамның мінез-құлқындай етіп суреттеу әсерлі болады», - деп көрсетеді.  

М.Әуезов балалар әдебиетінің ғылыми тұрғыда зерттелуіне көңіл бөлумен қатар, өзі де балаларға арнап бірнеше шығарма(«Қорғансыздың күні», «Жетім», «Көксерек» әңгімелері, «Қараш-қараш оқиғасы» повесі) жазды. Тұңғыш әңгімесін 24 жасында жариялады. «Қорғансыздың күні»  баяндалу әдісі жөнінен европалық әдебиет үлгісінде жазылған. Әңгіменің оқиға желісі жас қыз Ғазизаның тағдырына құрылған. «Жетім» әңгімесіндегі басты кейіпкер – жас бала Қасым. Шығармада он жастағы жас баланың қиын тағдыры, аянышты халі берілген. Бұл шығармасында қаламгер бала ұғымын, сезімін беруде өзінше ізденіс танытқан. 
М.Әуезовтің балалар әдебиетінен негізгі орын алатын әңгімесі - «Көксерек».  М.Әуезовтың 1928 жылы жазылған осы әңгімесі автор талантының айқын айғағы. Көп ізденістердің жемісі. Оны әлем әдебиетіндегі үздік классикалық шығармалармен салыстыруға болады. Әңгіме сюжеті Канада жазушысы Сетон-Томсеннің «Виннипег қасқырына» ұқсас. Есімі әлемге әйгілі жазушы Джек Лондонның «Қасқыр» шығармасы М.Әуезовтің аударуымен 1936 жылы жеке кітапша болып шыққандығын да айта кетуіміз керек. Әуезовтің «Көксерегі»- тұтас философиялық шығарма.  Автор әңгімесін әр түрлі жабайы аңдардың мекен еткен жерлерін суреттеуден бастайды. Бұл тәсіл жыртқыш аңдар өмірі мен олардың күн көрісін айқындауға тірек болған. Әңгіменің композициясы мен сюжеті оқиғадан оқиға тудырып отырады.

 

 

 


Похожие материалы

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: Әдебиет | Добавил: Admin (12.04.2015)
Просмотров: 2732 | Теги: презентация, Мұхтар Әуезов туралы, Мұхтар Әуезов, Мұхтар Әуезов слайд, әдебиет, слайд | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]