Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Среда, 7.12.2016
Главная » Статьи » Презентация на казахском языке » Әдебиет

Мұхаммед Әл-Келеси слайд,презентация


Оқушылар,студенттер,мұғалімдер,сайт қолданушылары өз материалыңызбен бөліссеңіз қуанышты болатын едік!

Мұхаммед Әл-Келеси слайд,презентация

 

 

 

        
        Санкт-Петербургтегі Ресей ғылым академиясы Шығыстану институтының қолжазба қорында араб тілінің грамматикасына арналған Хорезмдік Әбд әл-Қаһир әл-Журжани (? - 1078) атты оқымыстының “әл-Әуамил әл-майа” (“Жүз меңгеру”) атты қолжазбасы бар.
Оған 1629 жылдан ХІХ ғасырдың аяғына дейін сан рет түсіндірмелер жазылған. Осынау жазба жәдігерліктер арасынан әл-Журжанидің аталған еңбегін 1889 жылы Ахмет Әлі бин Баймұхаммед әл-Қазақи көшірген қолжазба да ұшырасты.
Соған қарағанда “Әл-Қазақи” деген лақап есіммен жазған жерлесіміз Ахмет әлі Баймұхаммедұлы ХІХ ғасырда өмір сүрсе керек. Бірақ өз еңбегін әл-Қазақи деген атпен жазған бұл кім?!

Біз академик А. Н. Кононовтың редакциясымен шыққан “Отандық тюркологтердің библиографиялық сөздігі. Қазан революциясына дейінгі кезең” атты 1974, 1989 жылдары шыққан еңбекті қарағанымызбен, одан жерлесіміз жайлы дерек таба алмадық.

Ахмет Әлі еңбегінің қолжазбасы каталог мәліметтеріне қарағанда түгел сақталмаған сияқты. Оның тек 7 б, 14, 16 а – 44 б. іспетті беттері ғана жеткен. Бұл дүниені де мұқият қарап, зерттеп, автордың шын аты-жөнін анықтап, қазақ тілі білімі тарихына кіргізсе, игі іс болар еді.
Тіпті күні бүгіндері де аудан орталығы мен Келес өзені бойынан жиі ұшырасатын төбелер орнында бұрын қала, қоныстар болғаны жайлы жергілікті тұрғындар ғана емес, археолог ғалымдар да айтады. Кейде жұрт олардың орнынан зергерлік әшекей бұйымдар мен қыш құмыралар, арабша жазулары бар тиындар да тауып жүр. Бұл да кездейсоқтық емес.

 


Похожие материалы

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: Әдебиет | Добавил: Admin (10.03.2015)
Просмотров: 301 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]