Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Понедельник, 5.12.2016
Главная » Статьи » Презентация на казахском языке » Әдебиет

Әлеуметтік педагогика презентация


Оқушылар,студенттер,мұғалімдер,сайт қолданушылары өз материалыңызбен бөліссеңіз қуанышты болатын едік!

Әлеуметтік педагогика презентация





Похожие материалы

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: Әдебиет | Добавил: Admin (09.05.2013)
Просмотров: 7071 | Комментарии: 3 | Рейтинг: 4.5/2
Всего комментариев: 3
3  
jaksi

2  
Әлеуметтік педагогиканың теориясы мен практикасындағы қазіргі жұмыстар көрсеткендей, болашақ әлеуметтік педагогтар жұмыс істейтін халық топтарының қажеттіліктері мен мүдделеріне байланысты олардың қазметінің бағыты да түрліше болуы мүмкін. Әлеуметтік педагогтың қызмет саласында терминда алғаш жалпы ресейлік әлеуметтік педагогтар мен жұмыскер қауымдастығының президенті В.Г. Бочарова Мәскеу қаласында енгізді. Осы аспектіге арналған зерттеулерді шартты түрде бірнеше топқа бөлуге болады.; Қосымша білім беруді енгізу арқылы оқушылардың сабақтан тыс уақытын ұйымдастыру; ауылдағы отбасылармен мүмкін болатын жұмыс түрлері – мерекелер, отбасылық кітап оқу, қонақ шақыру және т.б. жұмыстар жүргізу. Отбасы мен тәрбие, сауықтыру, алдын алу жұмысы жөніндегі шағын ауданның қоғамдық институттарының күшін үйлестіру; мектеп пен ата-аналарды отбасылық тәрбиеге даярлау жөніндегі шағын аудандағы басқа тәрбие институттарының өзара әрекет үлгісін жүзеге асыру.
Мамандарды даярлайтын мектептер, институттар, университеттер қай елде орналасқанына байланысты әлеуметтік педагогтар мен әлеуметтік жұмыскерлерді даярлаудың шетелдік жүйесінің өзіндік ерекшеліктері мен проблемалары болды; ФРГ-да, Испанияда, Югославияда, мамандандырумен қатар оқытуды академизациялауды шоғырландыру практикаға жаңа оқулықтарды ендіру арқылы мамандарды іріктеу, даярлау және қайта даярлау мәселелері әлеуметтік жұмыс әдісі ретінде пайдалану АҚШ-та өткізілді. Италиядағы әлеуметтік педагогика мен әлеуметтік жұмыс теориясы мен практикасы арасындағы өзара қарым-қатынасы проблемалары болды.
«Әлеуметтік жұмыс» және «әлеуметтік педагогика» терминдерін анықтауда түрлі мағына қолданылып жүргенін айта кеткенжөн. Негізінен, шетелде осы қызмет саласының әлеуметтік педагогикалық және әлеуметтік жұмысқа бөлінуі дұрыс емес деп саналады, себебі бұл мамандардың міндеттері мен қызметі тығыз байланысып жатыр.
Т.М.Д. елдерінде әлеуметтік педагогтардың қажеттілігі оларды даярлайтын оқу орындарының пайда болуынан бұрынырақ туындады. Әлеуметтік-педагогикалық қозғалыстар КСРО-да ХХ ғасырдың 20-30 жылдарында белсенді жүрді. Алайда оның дамуының негізгі тенденциялары бұл қозғалыс ұмыт болғаннан кейін тек ХХ ғасырдың 60 жылдарында ғана анықталды. Бұл емпириялық тәжірибе жинақтау кезеңі болды. Осы уақытта ортадағы тәрбиелік қызметке арнайы бағытталған жұмыскерлерді (сыныптан тыс, мектептен тыс мекемелердің жұмыскерлерін, ұйымдастырушы педагогты және т.б.) дайындау жүріп жатты.
ХХ ғасырдың 70-80 жылдары практикада қол жеткізген нәтижелер мен қоғамдық қажетті әлеуметтік-педагогикалық жұмысты сапалы жаңа деңгейге көтерді. Сол уақыттың айқын табысы ретінде әлеуметтік-педагогикалық кешендерді атауға болады. Олар Мәскеу, Ленинград, Свердловск және т.б. қалаларда өткізді. Онда балалар мен жастар мен мақсатты әлеуметтік-педагогикалық жұмыс идеясы орнықты. Алайда бұл жұмыс материялдық қамтамасыз етілмеудің, мамандардың жеткіліксіздігінің немесе олардың мүлдем жоқтығының салдарынан тежелді. 1990 жылы әлеуметтік педагог лауазымы бекітілді. Мұның алдында 1988-1991 жылдары ВНИК «мектеп-шағын аудан» деген бірқатар тәжірибелер өткізілді. Сөйтіп ресейдің 50 астам жоғары оқу орындары жаңа бағыттағы мамандарды даярлауға кірісті.
Қазақстанда мұндай мамандарды даярлау Қарағанды қаласындағы Е.А. Бөкетов атындағы мемлекеттік университетінің әлеуметтік факультетінде 1992 жылдан басталды.

1  
4y

Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]