Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Воскресенье, 4.12.2016
Главная » Статьи » Презентация на казахском языке » Әдебиет

Көне түркі тілі сөйлем мүшелері слайд,презентация

Оқушылар,студенттер,мұғалімдер,сайт қолданушылары өз материалыңызбен бөліссеңіз қуанышты болатын едік!

Көне түркі тілі сөйлем мүшелері  слайд,презентация

Бастауыш – сөйлем мүшелерінің ішіндегі негізгісі, сөйлемнің түп қазық мүшесі болып табылады.
Бастауыштың басқа сөйлем мүшелерінен ерекшелігін проф. С. Аманжолов: «Бастауыш сөйлемнің ең негізгі қазығы, өйткені сөйлемнің нақтылы иесі, субъектісі. Ескі грамматикаларда сөйлемнің түп қазығы бастауыш, баяндауыш деген ол дұрыс емес, бастауыш пен баяндауыш тең емес, баяндауыш бастауыштың қимылын, қозғалысын көрсетіп, бастауыштың ықпалымен жүреді», - деп нақтылайды.
Бастауыштың негізгі тұлғалары ретінде біз нөлдік, тәуелдік және көптік жалғауларын атаймыз, яғни атау септігіндегі зат есімдер (субстантивтер). Осы үш критерийдің нәтижесінде әр түрлі сөз таптары бастауыш қызметінде жұмсала береді.

Тұрлаулы мүшелер сөйлемнің негізін құрап, негізгі хабарланар ойды білдірсе, тұрлаусыз мүшелер оларды толықтырып тұрады. 
Нақты айтқанда, пысықтауыш пен толықтауыш баяндауыштың мағынасын түсіндірсе, анықтауыш бастауыштың мағынасын саралаушы есебінде ғана жұмсалып, сөйлем құрамында екінші дәрежелі қызмет атқарады.
Көне түркі руника жазбалары тілінде сөйлем мүшелерінің түгел барлығы кездеседі.  
Табыс септігінен басқа септікте тұрған (барыс, жатыс, шығыс, көмектес) сөздер жанама толықтауыш болады.
Жанама толықтауыш қызметінде жұмсалатын сөз таптары – зат есімдер мен олардың орнына жұмсалатын есімдіктер.
Қағаныма өтүнтім – Қағаныма өтіндім.
Есіз еліме, кунчуйыма, оғланыма, бодұныма, есізіме алтмыш йашымда адырылтым – Қайран елімнен, ханшамнан, ұлымнан, қайран, алпыс жасымда айырылдым. 

Похожие материалы

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: Әдебиет | Добавил: Admin (03.04.2015)
Просмотров: 840 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]