Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Воскресенье, 11.12.2016
Главная » Статьи » Презентация на казахском языке » Әдебиет

Фариза Оңғарсынованың шығармаларын оқытудың тиімді жолдары слайд,презентация


Оқушылар,студенттер,мұғалімдер,сайт қолданушылары өз материалыңызбен бөліссеңіз қуанышты болатын едік!

 

Фариза Оңғарсынованың шығармаларын оқытудың тиімді жолдары слайд,презентация

 

 

Сабақтың мақсаты:    Оқушыларға Фариза Оңғарсынованың шығармаларын
                                     таныстыру.  «Оюлар»  өлеңінің мазмұны мен идеясын ашу. 
Білімділік:                  - өлеңнің мазмұнын ашу, ақынның өлең арқылы жеткізгісі 
                                     келген ойын ашуға үйрету, өлеңді көркемдік ерекшелігіне   
                                     талдату, поэзияны сүюге ұмтылдыру. 
Дамытушылық:         - оқу танымдық, мәдениеттанымдық құзыреттілігін дамыту, 
                                     өз ойын ашық айтуға үйрету, сөздік қорын байыту,         
                                     ойлау белсенділігін тереңдету. 
Тәрбиелік:                  - өз халқының салтын, қол өнерін қадірлеуге үйрету, 
                                     елжандылыққа, адамгершілік қасиеттерге үйрету. 
Сабақтың түрі:          аралас сабақ. 
Көрнекілігі:                интерактивті тақтамен слайдтар көрсету, 
                                      ою-өрнек түрлері. 
Пәнаралық байланыс: бейнелеу, технология, тарих. 
Күтілетін нәтиже:      қазақтың ою-өрнегін құрмет тұтатын, өзіндік ой-пікірі бар, 
                                      елінің салт-дәстүрін сыйлап, мақтаныш ететін тұлға                    
                                      қалыптастыру.
-Балалар, бүгін біз Ф.Оңғарсынованың «Оюлар» атты өлеңімен 
таныстық. Ал енді «ою-өрнек» ұғымының мағынасын ашайық.
«Ою-өрнек  дегеніміз-геометриялық және бейнелеу элементтерінің 
жүйелі ырғақпен қайталанып, үйлесімді құрылуы.          Ою-өрнектерді 
композициялық құрылымына қарай бір жүйеге келтіру үшін ғалымдар 3 
топқа бөледі:
1. Өсімдік типтес ою-өрнек. Көкөніс өрнектерінде өсімдіктердің гүлі, 
жапырағы, сабағы, дәні т.б негізгі элементтері көрінеді.  
2. Зооморфтық ою-өрнек. Өрнектер негізінен жануарларды, яғни 
аң-құс, балық т.б түрлі жәндіктерді және олардың мүшелерін 
бейнелейді. 
3. Космогониялық өрнек. Өрнектер дөңгелек, ирек, шимай, тор көз т.б 
болып келеді. 
Жоғарыда аталған негізгі өрнек түрлерінен бөлек қазақ шеберлері көп 
қолданатын ою-өрнек элементтерінің мынадай атаулары бар:
А) аспан әлеміндегі құбылыстарға байланысты өрнектер: ай, күн, 
жұлдыз т.б
Ә) заттардың атауларына байланысты өрнектер: балға, балта, тарақ т.б
Б) ру таңбалары мен ел таңбаларына байланысты өрнектер: тұмар, 
айшық, босаға т.б
Топтық зерттеу;
1. Өлеңнің тақырыбы: Оюлар.
2. Идеясы: Қазақ халқының салт-дәстүрін, асыл қасиетін өзіне жинақтаған 
ұлттық қолөнер бұйымдарын ақын мейлінше бағалап, жас-ұрпаққа ою-өрнекті 
қастерлеуге тәрбиелейді.
3. Өлең құрылысына, көркемдігіне талдау жасау.
             
             Түрін-ай/ текеметтің!/ Асыл қандай!/   (а)
 
             Үңілдім/ үнсіз ғана/ басымды алмай./   (а)
 
             «Келе ғой,/ қошақаным,/ өзіме!» деп,/   (б)
 
             Әжем кеп/ сипағандай/ шашымнан жай./   (а)

 

 


Похожие материалы

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: Әдебиет | Добавил: Admin (24.02.2015)
Просмотров: 511 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]