Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Понедельник, 5.12.2016
Главная » Статьи » Презентация на казахском языке » Әдебиет

Дулат Бабатайұлы Аягөз қайда барасың слайд,презентация


Оқушылар,студенттер,мұғалімдер,сайт қолданушылары өз материалыңызбен бөліссеңіз қуанышты болатын едік!

Дулат Бабатайұлы Аягөз қайда барасың слайд,презентация 

 

"Аягөз" атты өлеңінде ашып айтты. Тауды екіге жарасың, Арнаң қалды осылып. Тастың қашап арасын. Күркіреген үніңнен Кесіп өтіп кезеңді, Аңдар қашты шошынып. Аягөз қайда барасың?.. Қырға суың тарады, Тарбағатай тауынан Ойға суың барады Тоқсан сала қосылып, Тоғанменен тосылып. Тоғыз өзен түйісіп, Қырың-малдың кіндігі, Ақтың төмен жосылып. Ойың-өнім, егіс қой. Ағының тасты ағызып,
Дулат "шалқып шапқан жүйріктей" Аягөз өзені мен оның шүйгін де жемісті өңірін маржандай таза шұрайлы тілмен бедерлеген құлпырған суреттермен оқырмандарын (тыңдаушыларын) елітіп келеді де, кенет сөз арнасын кілт бұрып: Айтуға ауыз келе ме, Аягөз кімнің жері еді? – деп, Аягөздің бүгінгі күніне оралтады.
"Ақжайлау мен Сандықтас" атты өлеңінде де туып-өскен өңірін "атамның қонған қонысы" деп тебірене, оның келісті көріністерін перзенттік, тіпті сәбилік сүйіспеншілікпен елжірей суреттейді. Жерге қатысты ешкім айтпаған "қызғаныш" сөзін қолданып, ата қонысын: Атам қонған кең далам, Мендей сені қызғанар Бауырыңда өскен қай балаң? –  деп, жас баладай жабыса сүйеді. Ақын бұл толғауында да көкірегіне байланған ескі шеріне қайта оралады: Өксігіңді ойласам, Ұйқы беріп, қайғы алам. Қилы-қилы заманды, Заманға сай адамды Салғастырып қарасам, Су мүйіз болған танадай Шыр көбелек айналам, –  деп, елдің еркін, тәуелсіз заманын еске алып, теңселіп кеткендей болады.

 

 


Похожие материалы

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: Әдебиет | Добавил: Admin (16.02.2015)
Просмотров: 1286 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]