Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Суббота, 3.12.2016
Главная » Статьи » Презентация на казахском языке » Әдебиет

Бердібек Соқпақбаев Менің атым Қожа слайд,презентация


Оқушылар,студенттер,мұғалімдер,сайт қолданушылары өз материалыңызбен бөліссеңіз қуанышты болатын едік!

Бердібек Соқпақбаев Менің атым Қожа слайд,презентация

 

 

 

Мақсаты: Бердібек Соқпақбаевтың өмірі мен шығармашылығы жайлы мағлұмат беру, «Менің атым Қожа» шығармасының мазмұнымен таныстыру.
Міндеті:
Оқушылардың функционалдық сауаттылығын 
арттыру. Өзіне-өзі есеп бере білуге, өз еңбегін сыни тұрғыдан қарауға, адамгершілікке тәрбиелеу. 
Оқушылардың қызығушылығын, 
белсенділігін арттыру,
 ой-өрісін дамытуға ықпал ету.

Бердібек Соқпақбаев – шынайы адам, шыншыл жазушы. Өнерді өтірікпен әсемдеуден қорқатын. Қатарлас замандастарының өтірік жазғанын, жазып жүргенін білсе, сыйламай қоятын. Ол қоғам шындығын бар ауыртпалық, қиындығымен көрсетем деп өзі де көп қиындық көрген қаламгер. Шыншыл шығарма-өміршең. Бердібек Соқпақбаев шығармалары кеше шындық болып шырылдап сөйлесе, бүгін өмірдің өзі болып оқырманын баурайды. 
Абай атындағы Қазақ мемлекеттік педагогикалық институтынан кейін Мәскеудегі Жоғары әдеби курсты бітірген. Біраз жыл ауылдық мектепте ұстаз болып, кейіннен баспасөз саласына ауысты. «Қазақ әдебиеті» газетінде, «Балдырған» журналында, Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» студиясында қызмет істеді. Қазақстан Жазушылар одағында балалар әдебиеті жөнінде әдеби кеңесші болды.

1950 жылы «Бұлақ» деп аталатын өлең жинағын шығарады."Он алты жасар чемпион","Бақыт жолы","Алыстағы ауылда", "Балалық шаққа саяхат", "Дала жүлдызы","Аяжан" ,"Гауһар"  повестерін жазды. «Бозтөбеде бір қыз бар» атты пьеса, «Өлгендер қайтып келмейді» атты роман және тағы басқа да жиырмаға жуық кітаптары күні бүгінге дейін сұраныста.

 

 


Похожие материалы

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: Әдебиет | Добавил: Admin (16.02.2015)
Просмотров: 478 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]