Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Суббота, 3.12.2016
Главная » Статьи » Презентация на казахском языке » Әдебиет

Батыс қазақстан облысының белгілі күйші-композиторлары слайд,презентация


Оқушылар,студенттер,мұғалімдер,сайт қолданушылары өз материалыңызбен бөліссеңіз қуанышты болатын едік!

 

Батыс қазақстан облысының белгілі күйші-композиторлары слайд,презентация

 

Мұңдасы, көшкен елдің қиялдасы,
Ал, тебірен, ақсақалды күй атасы.
Келеді сені тыңдап баяғыдан,
Өлкенің өзен, тауы, қия тасы.
Бір қызық мені туды толғасын деп,
Адамның асыл жанын толғасын деп.
Бұлыңғыр замандағы ата Құрман.
Жүрегін жүрегімен жалғасын деп.     
Хамит Ерғалиев
Қ.Сағырбайұлы – күйші, композитор.
 Ол 1806 жылы Орал облысы, Жаңақала ауданы, Жиделі ауылында дүниеге келген. Бала кезінен ән-күйге әуестенен. Оның алғашқы ұстазы – Ұзақ. 
 Есейе келе домбырашы – күйшілікті кәсіби өнерге айналырды. Ұлы күйшінің бүкіл өмірі әлуметтік әділетсіздікке, зорлық-зомбылыққа қарсы күрес жолында өтті. Алғашқы күйлерінің бірі – «Кішкентай» 1836-1839 жылдарындағы шаруалар көтерілісінің басшысы Исатайға арналған. «Ақбай», «Асақ киік», «Түрмеден қашқан», «Адай» атты күйлерінде азат өмірді аңсаған еңбекші халықтың асыл арманы, өмір тартысы баяндалады. «Балбырауын», «Қызыл қайың» күйлері ойнақы, жарқын, шат көңілді суреттесе, «Сарыарқа», «Алатау» күйлері еркіндік іздеген халықтың өршіл ойын, аяулы арманын шертеді.
Құрманғазы халықпен мәңгілік бірге. Оның атында Республикалық ұлт аспаптар оркестрі, консерватория, саз училищелері, мектептер, көшелер бар.
 Белгілі ақын Х.Ерғалиев ұлы күйші өміріне арнап «Құрманғазы» дастанын жазды. Құрманғазы – халық мақтанышы. Оны «күй атасы» деп атайды.

 

 

 


Похожие материалы

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: Әдебиет | Добавил: Admin (15.06.2014)
Просмотров: 1040 | Теги: презентация, Батыс қазақстан облысының белгілі к, слайд | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]