Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Пятница, 9.12.2016
Главная » Статьи » Презентация на казахском языке » Әдебиет

Қазақтың атақты ғалымдар слайд,презентация


Оқушылар,студенттер,мұғалімдер,сайт қолданушылары өз материалыңызбен бөліссеңіз қуанышты болатын едік!

 

Қазақтың атақты ғалымдар слайд,презентация

 

 

 Орта ғасырларда қазіргі Қазақстан аумағында көп ғалымдар жұмыс істеді. Мысалы: Әл-Фараби, Жүсіп Баласағұни, Қожа Ахмет Йасауи, М. Хайдар Дулати, К.Жалаири және басқалар. XIX ғасырда Қазақстанның  ғылымында П.П.Семенов-Тян-Шанский, Н. П. Рычков, П. М. Мелиоранский, В. В. Радлов, В. В. Бартольд, А. А. Диваев, Ч. Уәлиханов үлес енгізді.
 Қазір Қазақстанда көп ЖОО-лар бар, көп ақылды, білімді, перспективалық жастар бар; және біздің Отанымыздың ғылыми шамасы болашақта тек қана даму болады...
 Әбу Насыр Әл-Фараби (Насыр Мұхаммад ибн Тархан ибн Узлағ әл-Фараби) (870, Отырар қаласы — 950, Сирия (Шам)) — қазақ даласынан шыққан ұлы ғалым, ойшыл философ, математик, астролог, музыка теоретигі. Әскербасының отбасында дүниеге келген. 
 Әбунасыр Әл-Фараби — түркі ойшылдарының ең атақтысы, ең мәшһүрі, “Әлемнің 2-ұстазы” атанған ғұлама. Оның заманы “Жібек жолы” бойындағы қалалардың, оның ішінде Отырардың экономикасы мен мәдениетінің дамыған кезіне дәл келеді. Әбунасыр Әл-Фараби Орта Азия, Парсы, Ирак, Араб елдері қалаларына жиһанкездік сапарлар жасап, тез есейді. Ол жерлерде көптеген ғұламалармен, ойшыл-ақындармен, қайраткерлермен танысып, сұхбаттасты. Тарихи деректер бойынша 70-ке жуық тіл білген. Өздігінен көп оқып, көп ізденген ойшыл философия, логика, этика, метафизика, тіл білімі, жаратылыстану, география, математика, медицина, музыка салаларынан 150-ге тарта трактат жазып қалдырды. 
 Жүсіп Баласағұни (Жүсіп Хас Хажиб Баласағұни) 1020 жылы Балсағұн қаласы Қырғызстандағы қазіргі Тоқмоқ қаласында туып, Қашқар қаласында қайтыс болған.
  Жүсіп Баласағұни - ақын, ойшыл, ғалым, мемлекет қайраткері. 
 Өмірі туралы мәліметтер аз сақталған. Файласуфи (философия), риезиет (математика), тиббий (медицина), фэлэкиат (астрономия), нужум (астрология), өнертану, әдебиеттану, тіл білімі, тағы басқа ғылым салаларының дамуына зор үлес қосқан. Жүсіп Баласағұнидің есімі әлемдік әдебиет пен мәдениет тарихында "Құтадғу білік" ("Құтты білік") дастаны арқылы қалды. Жүсіп Баласағұни бұл дастанын хижра есебімен 462 жылы, қазірғі жыл санау бойынша 1070 жылда жазып бітірген. Дастанды "хандардың ханы" - Қарахандар әулеті мемлекетінің (942 - 1210) негізін салушы Сатүк Қара Богра ханға (908 - 955) тарту етеді. 

 

 


Похожие материалы

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: Әдебиет | Добавил: Admin (05.03.2015)
Просмотров: 3331 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]