Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Вторник, 6.12.2016
Главная » Статьи » Презентация на казахском языке » Әдебиет

Қасым Аманжолов туралы слайд,презентация


Оқушылар,студенттер,мұғалімдер,сайт қолданушылары өз материалыңызбен бөліссеңіз қуанышты болатын едік!

Қасым Аманжолов туралы слайд,презентация

 

 

 

“Өзім туралы”
Өзге емес өзім айтам өз жайымда,
Жүрегім жалын атқан  сөз дайында,
Тереңде тұнып жатқан дауыл күйді,
Тербетіп, тулатып бір қозғайын да...

Аманжол  - Рақымжанның Қасымымын,
Мен қалған бір атаның ғасырымын,
Біреуге жұртта қалаған жасығымын,
Біреуге аспандағы асылымын.

Шарлаған жолым жатыр жер бетінде,
Көрінер көлеңкесі келбетінде,
Қай жерде үзіледі қайран сапар,
Түйін боп өмірімнің бір шетінде.

Дүниеге келер әлі талай Қасым,
Олар да бұл Қасымды бір байқасын,
Өртке тиген дауылдай өлеңімді
Қасымның өзі емес деп кім айтасың!
« Қасым бұл поэмасынан қанды майданда жараланған жолбарыстай жаумен отымен жағаласқан от жанарлы жауынгер бейнесін көреміз... Поэма оқушыны тартып, кейіпкерге ыстық сезімін тудыратын, ерлік істерге баулитын шығарма»
                                                                                            Қалижан Бекхожин.

 
« Ақынның соғыс тақырыбына жазылған жақсы өлеңдерінің ең биік шоқтығы «Абдолла». Бұл батырдың 
қанымен жазылған, әр сөзі оқ болып атылған, от болып шашылып тұрған оптимистік трагедия»
                                                                                                                               Әбділдә Тәжібаев

 


Похожие материалы

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: Әдебиет | Добавил: Admin (18.02.2015)
Просмотров: 1087 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]