Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Пятница, 9.12.2016
Главная » Статьи » Презентация на казахском языке » Әдебиет

Қашаған Күржіманұлы слайд,презентация


Оқушылар,студенттер,мұғалімдер,сайт қолданушылары өз материалыңызбен бөліссеңіз қуанышты болатын едік!

Қашаған Күржіманұлы слайд,презентация

 

 

  Қашаған Күржіманұлы 1841 жылы қазіргі Түркімен Республикасының Ташауыз облысы Мырзабасы ауылында  туып, 1929 жылы Маңғыстау түбігендігі Қырықкез деген жерде қайтыс болған. Ол өзі жастайынан жетімдікті көп көрген.  Ақынның жырлары ел ішіне ауызша тараған. Қашаған Маңғыстау, Хорезм 
аймағы, Еділ, Жайық, Жем, 
Сағызелді мекендерде болып; Ақтан, Мұрат, Бала Ораз, Қоспақ, Құрманғазы, 
Нұрым, Өмір, Ығылман 
ақын-күйшілермен  кездесті.
  Қашаған өз өлеңдерінде надан, дінбұзар, дүмше молдалар мен сараң байларды аяуысыз әшкерелеп («Есқали сұпыға айтқаны», «Оразалыға» ), адамгершілік, ізгелік қасиеттерді («Берекет ақынға», «Сақыпқа айтқаны» ), дәріптейді, елдік пен ерлікті, халық мұратын («Ізім шайырмен айтысы», «Ізбасқа айтқаны») жырлайды. «Атамекен», «Топан», «Адай тегі», «Әзірет Ғали» дастандарында халықтың көне шежіресі мен тарихын, Атырау өңіріне үлкен қасірет әкелген табиғат апатын толғайды. Қашаған заман сырын сезіне алды, халық келешегіне сенді, әйел-ананың қоғамдағы рөлін түсінді, дүниенің мәңгі дамуда екенін, уақыттың өтпелілігін ұғына білді. Ол халық тарихын, дін-шариғат қағидаларын мол білген. 
 «Бұл өмірдің мысалы», «Бұл дүниеде не жетім?» сияқты өлеңдерінде өзіндік ой-пікірін, өмірден түйгендерін тұжырымдап ашық көрсетеді. 
Бұл дүниеде не жетім? 
Кім қажетсіз болса, сол жетім.
Хакімі әділ болмаса,
Бұқара байтақ ел жетім.
Ел қонбаған жер жетім. 
Жетпістен жасы асқанда,
Сексенге аяқ басқанда,
Жастар елеп келмесе,
Қартайған күнде ер жетім…
Жатқаным - жанға жақсы жантайғаным,
Шаршатты сексен деген майталманың.
Қасымнан қыз, келіншек кетпеуші еді,
Қарасам, осы күнде біреуі жоқ,
Япырмай, қайда кеткен «сайтандарың»?!
1. Қашан және қай жерде Қашаған Күржіманұлы 
  - туды?
  - қайтыс болды?
2. Ол қандай мемлекеттерде болды? Кіммен кездесті?
3. Қашаған өз өлеңдерінде не туралы жазды?
4. Қандай өлеңдерін білесіздер?
5. “Бұл дүниеде не жетім?” өлеңінде қандай негізгі ойы?
6. Қандай өлең-толғаулар жинақтары білесіздер?
7. Осы жылда Қашағанға неше жыл орындалды?
8. Қай қаласында Қашағанның намысында ескерткіші орналасқан?

 

 


Похожие материалы

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: Әдебиет | Добавил: Admin (07.03.2015)
Просмотров: 1301 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]