Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Суббота, 10.12.2016
Главная » Статьи » Презентация на казахском языке » Әдебиет

Абылай хан туралы слайд,презентация


Оқушылар,студенттер,мұғалімдер,сайт қолданушылары өз материалыңызбен бөліссеңіз қуанышты болатын едік!

Абылай хан туралы слайд,презентация

 

 

 

1.XVIII ғасырда қазақ халқының басына туған қаралы күн. Елдің елдігін, азаматтың ерлігін көрсететін сын сағаттағы кезең туралы түсінік беру. Оқушылардың патриоттық сезімдерін ояту, ұлтқа, елге деген махаббатын үлгі ету, түсіндіру.

2. Оқушылардың ой көкжиегін кеңейту, сөйлеу тілін дамыту, өз ойларын жатық, еркін жеткізе білуге дағдыландыру; шығармашылық жұмысқа үйрету. 

3.Ел бірлігін ту еткен Абылай ерлігін үлгі ете отырып,ынтымақтыққа, елін сүюге, парасатты болуға тәрбиелеу.
Ой қозғау:
Ғасырлар өтсе де ұмытылмаған Абылай түсі:
(Көрініс  І түсі)
Абылай: «Астымда қылқұйрық жүйрігім бар екен. Сарыарқаның сайын даласында серуендеп жүрмін, кенет,  азуы кереқарыс дәу арыстан батыс беткейді бетке алып тұра қашты. Астымдағы жануарды қос төсінен екпіндетіп, тепсіне сала, сауырына қамшы бастым.Тұяқты жануар дес берсін бе, қуып жетіп, көп арпалыспай арыстанның ішін қанжарыммен орып жібердім. Міне, қызық! Арыстанның ішінен бір жолбарыс атқып шықты да, ол да қаша жөнелді. Тұра қудым. Жете беріп, аш бүйірге қолымдағы қанжарды тағы салдым. Ақтарыла кеткен қарыннан көкжал қасқыр шықты. Ес жиып үлгергенше ол да қашты. Ұзаққа апармай, қасқырды да жайратып салдым...Енді қызыл түлкі қашып барады. Түлкіні де қуып жетіп, қарыннан осып жібергенімде, ішінен құрт-құмырсқа, бақа-шаян, жылан-кесіртке ақтарылып қоя берді...Бірақ, бұлар менен сескенбеді, қашпады. Бәрі жабыла быжынап, астымдағы қылқұйрықтың сауырына , жалына өрмелей түсті. Шошынғанымнан айқайлап жіберіп, оянып кетіппін».
Бұқар былай жорыған екен: 

 «Қылқұйрыққа мінгенің- хан тағына отырғаның. Ал, алдыңнан арыстан қашса, сенен арыстандай айбарлы ұл туады. Одан туған ұл да жолбарыстай қайратты, ержүрек, батыл болмақ. Жолбарыстай тұқымыңнан туған шөберең көкжал қасқырдай азулы, айлалы, күшті болып жаратылады. Ал одан тараған ұрпақ заманына қарай қызыл түлкідей қу, алайда, су жүректеу келеді. Одан кейінгі тұқымың әлгі бақа-шаян, құрт-құмырсқа, жылан-кесірткедей майдалана түспек...»

 

 

 


Похожие материалы

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: Әдебиет | Добавил: Admin (15.02.2015)
Просмотров: 2673 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]