Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Суббота, 10.12.2016
Главная » Статьи » Презентация на казахском языке » Әдебиет

Абай,Шәкәрім - қос тұлға слайд,презентация


Оқушылар,студенттер,мұғалімдер,сайт қолданушылары өз материалыңызбен бөліссеңіз қуанышты болатын едік!

 

Абай,Шәкәрім - қос тұлға слайд,презентация

 

 

Сабақтың мақсаты:
А) Білімділік: Оқушыларды халқымыздың біртуар перзенттері Абай мен Шәкәрім өмірімен таныстыру,білім мен ғылымға баулып,жаман мен жақсының не екенін түсіндіре отырып, ажырата білуге үйрету. Олардың ой-өрісін, дүниетанымын кеңейту, шығармашылықпен жұмыс істеулеріне ықпал ету.
ә) Дамытушылық: Оқушылардың Шәкәрім мен Абай шығармаларымен жұмыс істеу арқылы өлеңге, әнге, өнерге деген әуестігін дамыту.
б) Тәрбиелік: Оқушыларды қос тұлғаның өнегелі де өсиетті,сөз маржандары арқылы Отан сүйгіштікке, имандылыққа, білімді, өнерлі болуға, тілімізді, дінімізді қадірлей білуге тәрбиелеу
Абай Құнанбаев 1845 жылы жылан жылында Шыңғыс тауында (бұрынғы Семей облысында ) дүниеге келген. Әкесі Құнанбай тілге шешен, ақылға бай, ел басқарған адам.  Әжесі Зере мен анасы Ұлжаннан көптеген әңгімелер естіп өсті, бала кезінен сүйді. Абай небәрі үш жыл мұсылманша, үш ай орысша оқыды. Бұл жылдары араб, парсы, шағатай тілдерін жақсы меңгерді.
    XIX ғасырдың  II жартысы  мен XX ғасырдың бас кезінде өмір  сүріп, қазақтың қоғамдық, әлеуметтік, мәденеи-рухани өміріне белсене араласып, гуманистік , адамгершілік идеяларын уағыздаған ұлы Абайдың шәкірті, оның реалистік дәстүрін жалғастырушы, артына мол мұра қалдырған Шәкәрім Құдайбердіұлының еңбектерімен  танысамыз. Шәкәрім –ақын, жазушы, философ, тарихшы, композитор. Әкесі Құдайберді Құнанбайдың Күңке деген бәйбішесінен туған. Шәкәрім 5 жасынан бастап ауыл молдасынан оқиды. 7 жасында әкеден жетім қалған ол Абайдың  тәрбиесінде болады. Өз бетімен білім алып, араб, парсы, түрік, орыс тілдерін  жетік меңгереді. 

 

 

 


Похожие материалы

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: Әдебиет | Добавил: Admin (15.02.2015)
Просмотров: 495 | Теги: презентация, абай, Абай Құнанбаев, Шәкәрім - қос тұлға, әдебиет, Абай Құнанбаев слайд, слайд | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]