Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Среда, 7.12.2016
Главная » Статьи » Презентация на казахском языке » Әдебиет

Абай Құнанбаевтың шығармашылығы мен еңбектері слайд,презентация


Оқушылар,студенттер,мұғалімдер,сайт қолданушылары өз материалыңызбен бөліссеңіз қуанышты болатын едік!

Абай Құнанбаевтың шығармашылығы мен еңбектері слайд,презентация

 

 

 

Абайдың әжесі -  Зере Абайға халық қазынасынан нәр беріп, бойына ізгілік шуағын сепкен, білімге итермелеген ұлы ұстаз, тәлімгер, ана.
 
Анасы Ұлжан – ұстамды,  мейірімі мен ақылы мол дана кісі болған.

Зере әже көңілі кең, жүрегі нәзік адам болған. Абай әжесін қатты жақсы көреді. Күндіз де, түнде де ертегі айтқызады.   

Абай әжесімен бірге:  
“Е-е.. Бұлдыр-бұлдыр күн өткен,
Бұрынғыда кім өткен?”– деп бастап,  әңгіме сұраған тілегін осылайша бастайтын.      

Абай он екі жасында Семей қаласындағы Ахмет Риза қазіретінің медресесіне түседі. Онда 3 жыл оқиды. Медреседе оқып жүріп 3 айдай орыс мектебінен дәріс алады. Абай араб, түрік, парсы тілдерінде үйренеді.
Ұлы ақынның көркемдік, әлеуметтік, гуманистік және дінге көзқарастары терең білінген еңбегі - ҚАРА СӨЗДЕРІ. Абай қара сөздері - ұлы ақынның сөз өнеріндегі көркемдік қуатын, философиядағы даналық дүниетанымын даралап көрсететін бірден бір шығармасы.  Абайдың 45- ге жуық қара сөзі бізге жеткен.
Құлақтан кіріп бойды алар,
Әсем ән мен тәтті күй.
Көңілге түрлі ой салар,
Әнді сүйсең, менше сүй,-деп білдірген

   Өзі туған халқының әдебиетімен қатар дүние жүзі мәдениетіне үлкен үлес қосқан ұлы Абай атамыздың өлмес, өшпес мұрасы халқымыздың игілігіне аса берумен бірге, басқа елдердің де кәдесіне жарап, рухани қажетін өтей беретіні кәміл. Біз Ұлы Абай атамызды "Қазақтың бас ақыны" деп бағалап , оның шығармашылығының алдында бас иеміз!

 

 


Похожие материалы

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: Әдебиет | Добавил: Admin (26.03.2015)
Просмотров: 1355 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]