Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Суббота, 3.12.2016
Главная » Статьи » Презентация на казахском языке » Әдебиет

Ақан Сері – адамзаттың сұңқары слайд,презентация


Оқушылар,студенттер,мұғалімдер,сайт қолданушылары өз материалыңызбен бөліссеңіз қуанышты болатын едік!

Ақан Сері – адамзаттың сұңқары слайд,презентация 

 

    ХІХ ғасырдың 2-жартысында өмір сүрген қазақтың әнші - ақындар тобының көрнекті өкілдерінің бірі - Ақан Қорамсаұлы. Ақан 1843 жылы қазіргі Көкшетау облысының Володаровка ауданында Қоскөл деген жерде туған. Шын аты - Ақжігіт. Ата-анасы еркелетіп Ақан атандырып жіберген.13 жасында әкесі Ақанды діни мектепке оқуға берген. Бірақ ұғымтал, сергек ойлы бала Дүмше молданың шалдыр-шатпағына көнбей, оқуды тастап кеткен.
        Одан кейін Қызылжар қаласында Уәли дегеннің медресесінде                 2-3 жылдай сабақ алған. Бұл мектептердегі оқуды хат тану үшін пайдаланғанмен, Ақан  дін шарттарын еш уақытта орындамаған. Жасынан            ән-жырға үйір жас жігіт 16-17 келгеннен кейін-ақ қолына домбыра алып,             ән салған, өлең шығарып айтқан. Маңына ақын, әнші, домбырашы, палуан - неше түрлі өнерлі жастарды жинап,  серілік, салдық жолына түскен. Ит жүгіртіп, құс салып, аңшылық құрған. Алғыр қыран құс, жүйрік атқа ие болған. Ақанның осындай өзгеше өмірімен дархан мінезін, сырлы әні мен өткір сөзін сүйген халық оны «сері» атандырған.

    Жастық,бозбалалық кезінде Ақан серінің  көп жырлаған тақырыбы - достық ,махаббат мәселесі.Ол  сүйіспеншілікке беріктік пен адалдықты, махаббат  еркіндігін аңсайтын  тамаша  өлеңдерін  әнге қосып  айтқан. Эстетикалық  сезімі,талғамы күшті,нәзік жанды  ақын өмірдегі не бір сұлу , әдемінің бәрін әнге қосқан. Ол табиғатты да , алғыр қыран мен жүйрік атты да  қызыға жырлаған. Сезімін оятқан әдемі,көркем құбылыстардың  қайсысын болса да , ол егіле, беріле суреттейді.  Ақынның « Жайықтың  ақ түлкісі», « Ақ  көйлек» т.б.лирикалық өлеңдерінен сұлулықты машықтай,сүйсіне  жырлайтындығы  айқын көрінеді. Ол адамның түсі де , ісі де, жаны да сұлу болуын тілейді.
      Ақанның бір топ  өлеңдері: «Сырымбет» , «Үш тоты» , «Балқадиша» , «Үрқияжан»,т.б.әйелдердің  бас бостандығын  аңсаудан туған. Сұлу  әйелді  идеал тұтқан Ақанның бұл шығармалары өз дәуірі үшін үлкен,әлеуметтік сыры терең туындылар болып саналады.
                               Құлагер
  
Жел соқса қамыс басы майда деймін,
Ат қостым, ат айдаушым, айда деймін.  
Алдыңғы ат баран болмай, қылың болды,  
Жығалмаса Құлагер қайда деймін.
 
Ор болып қалушы еді шапқан жерің,  
Сүйсініп тұрушы еді қосқан елің.
Атығай Қарауылға олжа салған,
Бота тірсек, қыз сағақ, сандал керім.
 
Құлагер құнанында керім еді,
Нағашым сұрағанда беріп еді.
Ат қоса Ерейменге барғанымда,
Бір сыпшы көзі шыққыр көріп еді.

 

 


Похожие материалы

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: Әдебиет | Добавил: Admin (15.02.2015)
Просмотров: 399 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]