Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Суббота, 3.12.2016
Главная » Статьи » Презентация на казахском языке » Биология

Жыныс гормондары слайд,презентация


Оқушылар,студенттер,мұғалімдер,сайт қолданушылары өз материалыңызбен бөліссеңіз қуанышты болатын едік!

Жыныс гормондары слайд,презентация

 

 

 

Жыныс бездері – аралас бездерге жатады, яғни ішкі және сыртқы секреция бездерінің қызметтерін қатар атқарады:
Сыртқы секрециялық белгісі: ер адамдардың жыныс бездерінде жыныс жасушалары – сперматозоидтар, әйелдерде  жұмыртқа жасушасы түзіледі. 
Ішкі секрециялық белгісі: жыныс бездерінде бөлінетін жыныс гормондары бірден қанға бөлінеді. 

Гормондар - арнайы эндокринді ағзалар немесе тіндер мен қан немесе лимфаға бөлінетін және оның түзілуі жерінен алшақ ағза құрылымы мен қызметіне әсер ететін арнайы физиологиялық белсенді заттар. Гормондар ағза қызметін біртұтастығын реттеуге қатысады. Гормон термині (греч. hormáono - қоздырамын, қимылға келтіремін) 1905 жылы У.Бэйлисс пен Э.Старлингпен енгізілді. 
Жыныс гормондарының физиологиялық әсері:
Денеде зат алмасуды, анаболикалық процестерді күшейтеді, яғни күрделі органикалық қосылыстардың түзілуін күшейтеді.
Екінші жыныс белгілерінің жасалып дамуына, пайда болуына көмектеседі.

 

Гормондар — өзінің химиялық табиғатына байланысты: стероидты гормондарға (жыныс гормондары, бұйрекүсті безі қыртысты заты гормоны), протеиндік және пептидтік гормондарға (гипофиз, қалқанша без, қалқаншамаңы безі, ұйқы безі, бұйрекүсті безінің бозғылт затының гормондары), ал нысандарға әсер ету қызметіне қарай: бірыңғай салалы ет құрылымдары мен бездерге салыстырмалы қысқа мерзім ішінде әсер ететін кинетикалық гормондарға (окситоцин, вазопрессин, адреналин, норадреналин), организмдегі зат алмасу процестерін реттейтін метабоддық гормондарға (тироксин, кальцитонин, паратгормон, инсулин, глюкагон) және жасушалар, ұлпалар мен мүшелердің өсуі мен жетілуін бақылайтын морфогенетикалық гормондарға (соматропты гормон, фолликулды жандандырушы гормон, эстрогендер, тестостерон) бөлінеді.
    Жыныс бездері жыныс торшаларымен қатар аталық және аналық гормондар бөледі. Жыныс гормондары көбею мүшелерін физиологиялық тонуста ұстап, негізгі және қосалқы (сыртқы) жыныс белгілерін дамытады, аталық және аналық дарақтарға тән мінездерді, жыныстық дағдылы әрекеттерді (инстинкг), организмнің пісіп-жетілуін реттейді.     Жыныс гормондары холестериннің туындылары болып табылады. Аталық және аналық гормондар аталық бездерде де, аналық бездерде де қатар түзіледі. Мысалы, ер адамның тәуліктік зәрінде 3-10 мкг аталық гормондар және 5-15мкг аналық гормондар, ал әйелдер зәрінде 3-10 мкг андрогендер, 18-36 мкг эстрогендер болады.

 

 

 


Похожие материалы

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: Биология | Добавил: Admin (01.04.2015)
Просмотров: 2605 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]