Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Четверг, 8.12.2016
Главная » Статьи » Презентация на казахском языке » Биология

Жыныс гормондарының гипо және гиперфункциясының патофизиологиясы слайд,презентация


Оқушылар,студенттер,мұғалімдер,сайт қолданушылары өз материалыңызбен бөліссеңіз қуанышты болатын едік!

 

Жыныс гормондарының гипо және гиперфункциясының патофизиологиясы слайд,презентация

 

 

Аналық бездер үш түрлі жыныс гормондарын бөледі: 1) эстрогендер, 2) гестогендер (прогестиндер), 3) релаксин және аз мөлшерде еркек жыныс гормондары (андрогендер), кортикостероидтар. 
Эстрогендерге: эстрадиол, эстрон және эстриол жатады.Олардың  ең негізгісі – эстрадиол, эстроннан 10 есе, эстриолдан 50 есе активті (белсенді). Алғаш эстраген синтезделеді, оның айналған (өзгерген) азығы – эстрон және эстриол болып табылады. Эстрадиол клеткада фолликуланың ішкі қабығында овуляцияға дейін синтезделеді. Ол көп мөлшерде жүктілік кезінде плацентада, аз мөлшерде бүйрек үсті қыртысында және аталық безде пайда болады. Аналық бездің қызметінің табиғи әлсіреуі кезінде немесе безді алып тастағанда, кейде бүйрек үсті безінде ісік болғанда оның негізгі пайда болу орны бүйрек безі болып табылады. Эстрогендер негізінен жойылады. Бауыр зақымданғанда (цирроз, бауыр астылық холестаз) эстрогендердің мөлшері жоғарылайды. Еркектерде бұл кезде феминизация белгілері, демек әйел ағзасына тән екінші жыныс белгілері пайда болады. 
Эстрогендердің негізгі арнайы әсер етуі – бұл біріншілік және екіншілік әйел жыныс белгілерінің дамуын реттеу болып табылады. Эстрогендер жатыр мен фоллокиев түтікшесінің өсуін күшейтеді. Жатырдың бұлшық етінің гипертрофиясы, шырышты қабатының пролиферациясы, қан тамырларының өсуі, қынап эпителиінің гипертрофиясы жүреді. Жатырдың окситоцинге сезімталдығы жоғарылайды. Эстрогендер сүт бездерінің, сүт жолдарының, емізіктің дамуын реттейді. Оның әсерінен екінші реттік жыныс белгілері қынапта (лобковая кость) түктердің өсуі, қолтықта өсуі, әйелге тән майдың таралуы дамиды.Эстрогендердің секрециясы төмендесе немесе болмаса әйел ағзасындағы жыныс мүшелері инфантильді (өспей) қалады, екінші белгілері де дамимайды.
Қазіргі кезде эстрогендерге ұқсас немесе оның туындыларына сәйкес келетін көптеген қосылыстар синтезделген. Әйел жыныс гормондарының басқа тобы – гестагендер. Олардың ішіндегі негізгісі – прогестерон. Прогестерон негізінен әйел ағзасында сары денеде пайда болады. Бұл уақытша ғана циклмен пайда болатын эндокринді без, егер жүктілік басталмаса менструалды циклдің екінші жартысында жарылған фолликула орнында пайда болып, қызметін атқарады. Сары денеде бөлінетін прогестеронның ең негізгі қызметі – эстрогенмен бірге жатырды ұрықтануға дайындайды. Ол шырышты қабатта пролиферация кезеңінен секреция кезеңіне ауыстырып, ұрыққа қажетті заттардың алып келінуіне жағдай жасайды. Егер овуляциядан кейін ұрықтану болмаса сары дене атрофияланып, графов көпіршіктері дамиды.

 

 

 


Похожие материалы

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: Биология | Добавил: Admin (01.04.2015)
Просмотров: 825 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]