Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Четверг, 8.12.2016
Главная » Статьи » Презентация на казахском языке » Биология

Жүрек ақауларының сәулелі көріністері слайд,презентация


Оқушылар,студенттер,мұғалімдер,сайт қолданушылары өз материалыңызбен бөліссеңіз қуанышты болатын едік!

 

Жүрек ақауларының сәулелі  көріністері слайд,презентация

 

 

Қан айналымы жүйесінің негізгі міндеті ұлпалар мен мүшелердің ағза тіршілігіне қажетті әртүрлі заттарды жеткізу болып табылады.
Егер қан айналымы аппараты ағзаны оттегімен және энергетика заттарының қажетті мөлшерімен қамтамасыз етпесе, қан айналымының жеткіліксіздігі пайда болады.
Даму механизмі мен клиникалық көріністері бойынша қан айналымы жеткіліксіздігінің шарты екі түрде кездеседі:
1) Насос ретінде жүрек жұмысының әлсіреуінен туындаған қан айналымының жүректегі жеткілісіздігі;
2) Тамыр ырғағына бұзылуына байланысты тамырдағы тіршілік жеткілісіздігі.
Жүректің құрылымы қандай болса да, табиғат оған қандайда бір күшпен төзімділікті сыйласа да ауруға шалдығуы мүмкін.
Жүрек тамыры ауруларының халықтың арасында кәзіргі уақытта таралғаны соншалық оны ХХ-ғасырдың ауруы деп атай бастады. Біздің жүз жылдықтың алдынғы жартысында жүрек пен тамыр аурулары алдынғы қатарға шығып, кәзіргі адам үшін №1 тажалға айналды.
Жүрек-тамыр аурулары адамға жас кезінде-ақ білдіртпей жабысады, сондықтан денсаулық туралы жас кезінде ойланған дұрыс. Адам жас кезінде барлық зияды әдеттерден оңай арылады, жүрек-тамыр туралы қажетті мәліметтерді тез игеруде жене осы негізді жүрек-тамыр ауруларының пайда болуымен дамуынан өзін қорғай алады.
Жүрек-тамыр аурудың себептері: урбанизацияға байланысты және ғылыми-техниканық прогрестің шапшаң дамуынан адамдардың жүйкесі жүқарады, гиподинамия (аз қыймылдау, аз қозғалу), семіздік басу, темекі шегу, арақ-шарапқа әуес болу, нашақорлық, тиімсіз тамақтану (майдың, холестеріннің тамақта көп болуы), спортпен аз шұғылдану, режимді сақтамау, таза ауада аз болу т.б. Төменде жиі кездесетін жүрек-тамыр аурулары көрсетілген.
Жүрек қуыстарындағы қысымды өлшеу үшін және ангиокардиография жасау үшін катетеризациялау әдісі жүргізіледі. Жүрек қуыстарындағы қысымға қарап жүрек ақауларын, жүрек қызметін анықтауға болады.
Қалыпты жағдайда жүрек қуыстарындағы қысым мөлшерлері: оң жақ жүрекшеде 5/0 мм, оң жақ қарыншада 25/0 мм ,сол жақ жүрекшеде 12/5 мм , сол жақ қарыншада 120/5 мм с.б.
Тірі адам жүрегін рентгендік зерттеу негізінен түрлі жағдайда кеуде торын рентгеноскопия жасау арқылы іске асырылады. Осының арқасында жүректі барлық жағынан қарап , оның пішінін , көлемі мен орны , сондай-ақ оның бөлімдерінің және солармен байланысты ірі тамырларының жағдайлары туралы түсінік алуға болады.
Зерттеу үшін негізгі жағдай зерттелінетін адамның алдыңғы жағы болып саналады. Бұл жағдайда қою қараңғы , орталық көлеңке деп аталатын , көлеңке орналасқан , оның екі жағында екі жарық өкпе алаңдары көрінеді. жүрек-тамыр көлеңкесі қалыпты жағдайда оң жағынан да ,сол жағынан да омыртқа бағанасы мен төстің жиегінен аса өтеді.
Жүректі қараудың рентгеноскопия, рентгенография және рентгенокардиометрия жүрек бөлімдерінің гипертрофиясын анықтау үшін қолданылады.
Селективті ангиокардиография контрасты затты жүректің сол жақ қарыншасына жібереді. Ангиокардиография методтары жүректің ақауларын анықтау үшін қолданылады.
Коронография- контрасты затты жүректің тәж тәрізді артериясына жіберіп, ол артерияның рентгендік суретін түсіріп алу тәсілі. Метод тәж артериясының тарылған жерін анықтау үшін қолданылады. Қолқа- тәж анастомозы операциясының кең тарауына байланыста дамыған тәсіл.  

 

 

 


Похожие материалы

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: Биология | Добавил: Admin (01.04.2015)
Просмотров: 574 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]