Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Суббота, 10.12.2016
Главная » Статьи » Презентация на казахском языке » Биология

Жүктілік және артериялық қан қысымы слайд,презентация


Оқушылар,студенттер,мұғалімдер,сайт қолданушылары өз материалыңызбен бөліссеңіз қуанышты болатын едік!

Жүктілік және артериялық қан қысымы слайд,презентация

 

 

 

Жүктілікті, босануды жəне босанғаннан кейінгі кезеңді ауырлататын гипертензиялық бұзылыстар 4-6 сағаттық үзіліспен 2 реттен кем емес, өлшегенде систолалық (сАҚ ) 140-тан жоғары, диастолалық (дАҚ) АҚ с.б. 90мм  жоғары көтерілуі. Барлық жүктілер арасында гипертензиялық бұзылыстар (ГБ) 4-8% -де  кездеседі жəне ана өлім-жітімінің құрамында  2-3  орын алады.
Жіктемесі

1. Жүктілікті, босануды жəне босанғаннан кейінгі кезеңді ауырлататын бұрыннан бар гипертензия (артериялық сүле гипертензия- АСГ) – жүктілікке дейін болған немесе осы жүктіліктің  20  аптасына дейінгі мерзімде анықталған, босанғаннан кейін де сақталған гипертензия.
- маңызды (эссенциалдық);
- кардиоваскулярлық;
- бүйректік;
- екіншілік (салдарлық)

2. Преэклампсия (кешеуілді уыттану) – жүктілікке тəн белгілер, бұл жүктіліктің 20 аптасынан кейін (немесе трофобластикалық ауру кезінде одан да ерте) пайда болатын гипертензия, бұған протеинурия қосылады да (HELLP белгілерінің көріністері кіреді), босанғаннан кейін кері даму жүреді.

А. Ауырлығы орта дəрежелі уыттану:
-  6 сағаттық демалыстан кейін екі рет өлшегенде АҚ тура 140/90 немесе одан жоғары, бірақ с.б.б.160/110 мм-ден төмен;
-  бастапқы АҚ – мен салыстырғанда систолалық АҚ с.б.б.30 мм жоғары, ал диастолалық АҚ с.б.б. 15 мм-ден жоғары болуы;
-  бет пен қол ісінуінің қосылуы;
-  тəуліктік протеинурия 0,3 – 5,0 г/тəул.

 

 


Похожие материалы

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: Биология | Добавил: Admin (10.02.2015)
Просмотров: 1235 | Теги: презентация, қан қысымы, қан, Жүктілік, Биология, слайд | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]