Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Четверг, 8.12.2016
Главная » Статьи » Презентация на казахском языке » Биология

Вирустардың генетикалық аппаратының ерекшелігі слайд,презентация


Оқушылар,студенттер,мұғалімдер,сайт қолданушылары өз материалыңызбен бөліссеңіз қуанышты болатын едік!

Вирустардың генетикалық аппаратының ерекшелігі слайд,презентация

 

 

 

    Вирустар – өсімдік, жануар және бактерия клеткаларының ішінде болатын паразиттер. Тірі табиғатта вирустар өз алдына дүние құрайды. Оларда жасуша жоқ және тірі ағзаның жасушасынан тысқары тіршілік нышанын білдіре алмайды. Мөлшері өте ұсақ болғандықтан, жай көзге көрінбейді. Бактериядан да кіші болғандықтан, вирусты х 100.000 есе үлкейтетітн микроскопта ғана көруге болады. Ол – жасушасы жоқ өте ұсақ бөлшекті затия, яғни жасушасыз құрылым. Вирус – латынша “у” деген сөз.
    Вирустарды вирусология ғылымы зерттейді. Вирусология ғылымының негізін 1862 жылы орыс ғалымы Д.И. Ивановский қалаған. Д.И. Ивановский ХІХ ғасырдың аяғында темекі теңбілі ауруын зерттеп, ол аурудың қоздырғыштары микробтан да ұсақ тіршілік иесінің әсерінен болатынын дәлелдеп, бірнеше еңбектер жазған. 
    Тәжірибе нәтижесінде бұл аурудың әдеттегідей бактерияларды сүзетін сүзгілер көзінен де өтіп және ол сүзінді сұйықтықты темекіге жұқтырса, темекіні сол аурумен қайта зақымданған жапыраққа арнаулы тексеру жүргізген үзіндіде кристалдардың бар екені анықталған. 1935 жылы Америка ғалымы У.Стенли бұл кристалдар темекі теңбілі вирустарының шоғырланған жиынтығы екенін дәлелдеген.

    Кейбір вирустардың ісік пайда ететіндігі дәлелденген және олардың бәріне ортақ мәндетті ерекшелік, вирус геномының жасушасының бір хромосомасына жағанды болып табылады.

Вирустардың генетикалық ерекшеліктері
    
    Бактериофагтар бұтақшалары арқылы алдымен бактерия жасушасының бетіне бекінеді. Вирустар сол жабысқан сыртқы ортада белгілі өлшемі мен химиялық құрамы және дұрыс пішіні бар. Вибрион деп аталатын өлі бөлшек түрінде болады. Мұндай бөлшек түрінде кездесетін кейбір вирустар, үлкен молекулалар сияқты кристалл формасы болады. Вибриан жасуша – иесіне өтерден бұрын алдымен оның бетіне бекінеді де, сол жабысқан жерінде жасушаның немесе бактерияның қабықшасын ерітіп жібереді. Вирустың сыртқы қабығы шприц сияқты ішіндегі ДНҚ-ны жасуша иесіне бүркеді. Осыдан кейін вирус өзі бейімделген жасуша иесіне енген бойда пішінін мүлдем өзгертіп, жасушаның паразитіне айналады. Вирустағы нуклеин қышқылы “өлі” вибрионның құрылымының генетикалық аппаратын алып жүреді. Ол жасуша иесіндегі барлық биохимиялық мүшенің қалыпты жұмысын бұзып, өзіне бағыдырады. Сол уақытта жасушадағы ферменттері, рбосомалар жасуша жиынтығының орнына көптеген жаңа вирустардың бөлшектерін синтездеуге кіріседі. Нәтижесінде бір вибрион мен уланған жасуша иесінде ондаған немесе жүздеген вирустар синтезделетіндігін және олардың мөлшері минут өзгерген сайын көбейе түседі.

 


Похожие материалы

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: Биология | Добавил: Admin (29.03.2015)
Просмотров: 2046 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]