Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Воскресенье, 11.12.2016
Главная » Статьи » Презентация на казахском языке » Биология

Вирустар слайд,презентация


Оқушылар,студенттер,мұғалімдер,сайт қолданушылары өз материалыңызбен бөліссеңіз қуанышты болатын едік!

Вирустар  слайд,презентация

 

 

 

      Дүниежүзілік микробиология тарихында орыс ғалымы Д.И.Ивановскийдің алатын орны ерекше. Ол 19 ғасырдың соңында темекі теңбілі ауруын зерттеп,ол аурудың қоздырғыштарының бактериялардан да ұсақ тіршілік иесі екенін тапқан.19 ғасырдың соңында Д.И. Ивановский ашқан өте ұсақ тіршілік иесінің вирустар екендігі дәлелденді.

         Бактерияларды зақымдап,ерітіп жіберетін вирустарды бактериофагтар деп атайды.Бактериофагтарды алғаш рет 1915 жылы ағылшын вирусологі және бактериологі Ф. Туорт сипаттап жазды. Фаг жасуша ішіне енісімен көбейіп ,өзінің зиянды әсерін тигізе бастайды.
 Топалаңды қоздыратын бактерияларды ерітіп жіберетін бактериофагтарды 1898 орыс микробиологі Н.Ф.Гамалея алғаш рет анықтаған.Ішсүзегі бактериясын ерітіп жіберетін бактериофагтарды 1917 жылы канадалық бактериолог Д’Эрелль байқаған.
 Вирустың жұғу жолдары
                    Қауіпті жыныстық қатынаста болған кезде, яғни СПИД вирусын жұқтырған адаммен немесе аурумен мүшеқапсыз жыныстық қатынаста болғанда.Жыныстық қарым-қатынас кезінде вирус адам организміне түсуіне жағдай қажет, ол үшін жыныс ағзаларының шырышты қабатының қабынуы, жатыр мойнының эрозиясы және т.б, яғни ол адамның тікелей қанына түсу қажет.
                 Қан арқылы, вирус жұқтырған адамның қанын құйғанда, қан жұққан шприцпен, инеден немесе нашақорлардың лас шприцтерін пайдаланғанда. Көбінесе наркомандарда кездеседі, себебі олар қаны лас адамдардың шприц пен инелерін жиі қолданғаннан, сондай-ақ гемофилиямен ауыратын адамдар, олар емдеу мекемелерінде жылы донор қанын(VIII және IX факторлар) құйғаннан болады.Бүгінде көпшілік арасында бірнеше адамға дәрі енгізгенде тек инесін ғана ауыстырып бір шприцті пайдалануы жиі ауылды аймақтарда кездеседі.Бұл дұрыс емес.Себебі тамырға дәрі енгізгенде шприцке қанның көзге көрінбейтін майда тамшылары қайта сорылады.Яғни инені тері астына немесе бұлшықетке енгізгеннен гөрі қан тамырына енгізу едәуір қауіпті екенін ескерген жөн.Себебі, қанға жұқпалы ауру бірден түседі.

            Вертикалды – ол инфицирленген анадан аяғы ауыр кезінде плацента арқылы, туу кезінде, анасы баласы емізгенде жұғады.Балаға инфицирленген анадан сүт арқылы беріледі.

             Бұл көрсетілген жолдар табиғи жолдары болып табылады.Ал жасанды жұғу жолдарына – вирус емдік-диагностикалық манипуляцияларда зақымданған тері, шырышты қабат арқылы(қан трансфузиясы және оның препараттары, ұлпа мен ағзалардың трансплантациясы, инъекция, операция, эндоскопиялық процедуралар және т.б), жасанды ұрықтандыру, әртүрлі татуировкаларды жасату.

 

 


Похожие материалы

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: Биология | Добавил: Admin (29.03.2015)
Просмотров: 608 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]