Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Понедельник, 5.12.2016
Главная » Статьи » Презентация на казахском языке » Биология

Уиппл ауруы слайд,презентация


Оқушылар,студенттер,мұғалімдер,сайт қолданушылары өз материалыңызбен бөліссеңіз қуанышты болатын едік!

Уиппл ауруы слайд,презентация

 

 

Дж. Гопкинс (США) ауруханасының патологоанатомы  George Hoit Whipple 1907 ж. бұрын белгісіз болған аурудың секционды бақылауын толықтай жазып көрсетті. Клиникалық түрде ол ауыр диареямен, стеатореямен, бірден арықтаумен және анемиямен сипатталды. Кесіп ашу  кезінде лимфа түйіндерінің шамалы ұлғаюын, полисерозит анықталды. Гистологиялық зерттеу кезінде ішекте және лимфа түйіндерінде майлардың диффузды түрде жиналуын және Левадити бояуы кезінде  - көптеген таяқша тәрізді микроағзалар  табылды. G. Whipple  аурудың себебі туралы  2 версия айтты: бірінші –липидтер метоболизмінің бұзылуы, осыған байланысты ауруды интестинальды липодистрофия деп атау ұсынылған болатын, екіншісі – аурудың табиғаты инфекциялық болып келеді. G.Whipple  98 жыл өмір сүрген, 270 жұмыс жазған, бірақ бірде – бір рет осы ауруға қайтып оралмағаны қызық болып көрінеді. 1934 жылы ол медицина саласында(АҚШ та алғашқы болып) Нобель сыйлығының лауреаты атанды; премия пернициозды анемияның профилактикасын және емін шығарғаны үшін берілген болатын.Уиппл ауруы туралы келесі ашылулар тек 23 жылдан кейін пайда болды.  
Джордж Уиппл ең алғаш рет аш ішектің шырышты қабығында бозғылт спирохетаға ұқсас микроорганизмді байқаған. Бірақ ұзақ уақыт көптеген ғалымдар аурудың табиғатын инфекциялық екеніне күмәнданған. 1949 ж  лимфа түйіні мен аш ішектен алынған биоптатта PAS (ағыл. PAS — periodic acid Schiff) бактерияның ыдырау өніміне ұқсас макрофагтар қосылыстарымен табылған.  1991 жылы R. Wilson,одан кейін 1992 D. Realman полимеразды тізбекті реакция көмегімен науқастың инфицирленген тінінен грам оң бацилланы бөліп алды. Оны Tropheryma whippelii (грекше trophe — қоректену, eryma — қорғаныс) деп атады.
 
Перифериялық лимфа түйіндерінде, бауырда, өкпеде, ОЖЖ және басқа мүшелерде типті көпіршікті макрофагтар анықталды. Сондай – ақ патологиялық процесске жүрек пен буындардың қосылуы аурудың жүйелілігін көрсетеді. Уиппл ауруының патогенезінде инфекцияның генерализденуімен қатар иммунологиялық бұзылыстарға көп мән беріледі, жекелей алғанда, Т- лимфоциттер субпопуляциясының ретті қарым қатынасының бұзылуы, макрофагтардың қоздырғышты еріту қабілетінің жоғалуы және т.б. Уиппл ауруы жиі HLA B27 гистосәйкестік антигенімен ассоцирленеді. 
Уиппл ауруымен ауыратын науқастардың аш ішегінің қабырғасы тығыздалған, созылған. Шырышты қабығының беткейі дәнді; талшықтары қалыңдаған, қысқарған. Ішектің заымдалуы дақты болып келеді. Мезентериальды лимфа түйіндері ұлғайған, іш перденің қалыңдауы байқалады. Зақымдалған мүшелерде (аш ішек, мезентериальды лимфа түйіндері, көкбауыр, бауыр) бриллиант бояуымен(Шиффа бояуы) бояғанда көрінетін цитоплазмада ірі гранулалармен макрофагтарды байқауға болады. Электронды микроскопия кезінде макрофагтар ішінде размері 0,3-1,5 ден 2,5 мкмге дейін болатын таяқша тәрізді құрылым анықталады. Бұл микроорганизмдер Tropheryma whippelii. Тұрақты ремиссия фазасында антибиотиктермен емдеуден кейін жазылады, бірақ қабыну кезінде қайта пайда болады.  

 

 

 

 


Похожие материалы

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: Биология | Добавил: Admin (20.04.2015)
Просмотров: 575 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]