Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Суббота, 3.12.2016
Главная » Статьи » Презентация на казахском языке » Биология

Туберкулездің алдын алу слайд,презентация


Оқушылар,студенттер,мұғалімдер,сайт қолданушылары өз материалыңызбен бөліссеңіз қуанышты болатын едік!

Туберкулездің алдын алу слайд,презентация

 

 

      Туберкулинді диагностика дегеніміз – туберкулинді қолднана отырып микобактериялық туберкулёpге  ағзаның арнайы сенсибилизациялығын диагностикалық тестер арқылы анықтау. Туберкулин толық емес антиген, яғни гаптен болып табылады. Ол ауруды тудырмайды, бірақ  арнайы  жауаптық реакцияны шақырады.Туберкулиннің химиялық құрамы – туберкулопротеиндер, полисахаридтер, майлар, нуклеин қышқылдары, стабилизаторлар, антисептиктер. 
    
                  Туберкулинді Р. Кох ашқан, оны кейінен       Кохтың ескі туберкулині деп те атаған. Қазіргі кезде ескі туберкулин синтетикалық жасанды ортада дайындалады. Ескі туберкулин 100% ертінді күйінде, ампулада шығарылады.
   1975 жылдан бастап қоректік ортаның белокты заттарынан тазартылған туберкулин (тазартылған белокты дериват – Purified Protein Derivative, орыс танкскрипциясында - ППД) қолданылады. Оны 1939 жылы Ленинградтың Вакцина және сарысу ғылыми зерттеу институтында М. А. Линникова дайындаған, сондықтан туберкулинді ППД-Л деп атайды. Ол туберкулиндік бірлігімен (ТБ) өлшенеді. 
     ППД-Л-дің  1 ТБ мөлшері 0,00006 мг құрғақ туберкулинге тең.     
1.Тазартылған стандартты ерітінді түріндегі туберкулин –қолдануға дайын, 0,85 % NaCl-нің сұйығына ерітілген туберкулин, оған твин-80 (стабилизатор)  және фенол (консервант) қосылған. Бұл ертінді- түссіз, мөлдір сұйықтық. Препарат ампулада 0,1 мл 2 ТБ бар 3 мл ерітінді түрінде шығарылады. Сонымен қатар 0,1 мл 5 ТБ, 10 ТБ бар стандартты ерітінділер дайындалады  
   Кейде туберкулез жұққан адамдарда, баяу дамитын жоғарғы сезімталдықтың жүйелі реакциясы пайда болады: дене қызуының көтерілуі, буындардың ауруы, моноциттердің  азаюы және гемограмманың басқа көрсеткіштерінің ауытқуы, белок мөлшерінің өзгеруі, ең бастысы-қанның сарысуында глобулиндердің   өзгеріске ұшырауы сияқты (жалпы реакция) белгілерді көрсетеді. Спецификалық қабыну ошағының айналасында экссудативті-пролиферативті реакция пайда болуы мүмкін (ошақты реакция).
   Организмнің туберкулинге жауабы (реакциясы)  туберкулез инфекциясы мөлшеріне, ағзаның оған сезімталдығына және қарсыласу күшіне, туберкулиннің мөлшеріне байланысты болады.
   Организмнің туберкулинге жауабы  бөлінеді:
 Әлсіз (гипоергияллық) 
 Қалыпты (нормергиялық)
 Айқын (Гиперергиялық) 
 Реакция болмауы (анергия) 
 

 

 


Похожие материалы

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: Биология | Добавил: Admin (17.03.2015)
Просмотров: 1343 | Теги: презентация, туберкулез, Туберкулездің алдын алу, Биология, слайд | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]